«Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы

Қазақстан Республикасы Конституциясының 41-бабының 3-1-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы 2019 жылдың 9 маусымына тағайындалсын.

2. Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы кезектен тыс президенттік сайлауды ұйымдастыру мен өткізуді қамтамасыз етсін.

3. Қазақстан Республикасының Үкіметі кезектен тыс президенттік сайлауды ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз ету жөніндегі қажетті шараларды қабылдасын.

4. Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы мен Шымкент қалаларының әкімдері сайлау құқығы бар азаматтардың тізімін дер кезінде жасауды және дұрыстығын қамтамасыз етсін, Орталық, аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларына кезектен тыс президенттік сайлауды ұйымдастыру мен өткізу мәселелерін шешуде жан-жақты көмек көрсетсін.

5. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі», — делінген Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаевтың Жарлығының мәтінінде.

www.primeminister.kz

Бүгін ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында өткен баспасөз конференциясында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев атаулы әлеуметтік көмекті белгілеу бойынша өзекті мәселелерді түсіндірді.

Б. Сапарбаев атаулы әлеуметтік көмекті белгілеудің негізгі шарттарының бірі тұрғылықты жері бойынша тұрақты немесе уақытша тіркеуінің болуы екенін атап айтты. Ондай мүмкіндігі жоқ азаматтар үшін әкімдіктер уақытша тіркеу мүмкіндігін қарастыруы қажет.

«АӘК белгілеу үшін тұрақты тіркеуінің болуы тиіс. Егер азамат соңғы бес жылда мысалы, Нұр-Сұлтан қаласында тұрып жатса, және оның тіркеуі болмаса, онда бұл азаматты жұмыспен қамту орталықтары арқылы уақытша тіркеуге болады. Нұр-Сұлтан қаласында әлеуметтік бейімдеу орталықтары бар. Әкімдік оларды сол жерде уақытша тіркеу туралы шешім қабылдады. Тек содан кейін жұмыспен қамту орталықтары АӘК белгілеу үшін олардың құжаттарын қабылдап алады және табыстарына орай оларға АӘК тағайындалады», — деді Б. Сапарбаев.

Сонымен қатар министр АӘК белгілеуге байланысты құжаттардың қабылдана бастауымен жұмыспен қамту орталықтарында үлкен кезектің пайда болуы мәселесін түсіндіріп, үрейге жол бермеуге шақырды.

«Нұр-Сұлтан қаласындағы жұмыспен қамту орталықтарына мен өзім бардым. Өкінішке орай, алғашқы күндері, әсіресе, бірінші онкүндікте кезек болды. Біз барлығына бірден бару қажет еместігін бірнеше рет түсіндірген едік. Көмекті белгілеу мен құжаттарды қабылдау ай бойы жүргізіледі, ол құжаттардың қай күні тапсырылғанына байланысты болмайды», — деді Б. Сапарбаев.

Ол Халықты жұмыспен қамту орталықтарының қызметкерлері арасында да АӘК белгілеудің жаңа ережелерін түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтты.

«Өкінішке орай, ондай мамандар бар (еск. - қажетсіз құжаттарды талап ететін). Біз оларға бірнеше рет тек жеке куәлік қана қажет екенін айттық. Аралау кезінде біз осындай сәттерді байқап, жұмыспен қамту орталықтарының басшыларына, әкімдіктерге қажетсіз құжаттарды талап етпеуілері үшін тапсырмалар бердік», — деп қосты министр.

Сонымен қатар Б. Сапарбаев Бірыңғай жиынтық төлемді төлейтін азаматтардың АӘК алуға құқылы екенін, бірақ ол үшін жұмыспен қамтылуға белсене ықпалдасу керектігін айтты.

Атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) — аз қамтылған азаматтарға және табыстары аз, сондай-ақ, көп балалы отбасыларға берілетін ақшалай төлем. Биылғы 1 сәуірден бастап атаулы әлеуметтік көмек көрсету критерийлері өмір сүру деңгейі қымбатырақ Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары және Маңғыстау облысынан басқа өңірлерде 20789 тг дейін көтерілді. Егер отбасының бір адамға ай сайынғы табысы 20 789 тг аспаса, бұл жағдайда атаулы әлеуметтік көмек төленеді. Сондай-ақ, кәмелетке толмаған балаларға 20789 тг мөлшерінде төленеді.

www.primeminister.kz

Бүгін ҚР Премьер-Министрі А. Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Елбасының «Әлеуметтік қамқорлық» жаңа әлеуметтік шараларын іске асыру барысы қаралды.

ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Б. Сапарбаевтың айтуынша, 1 сәуірден бастап атаулы әлеуметтік көмекті белгілеуге құжаттар барлық жерде қабылданып жатыр. 180 мыңға жуық адам қабылданды.

Елбасының әлеуметтік бастамалары бойынша   ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Г. Әбдіқалықованың жетекшілігімен еліміздің жеті өңірі мен Нұр-Сұлтан қаласының аудандарына сапарлар іске асырылды.

Жалпы, биыл жергілікті атқарушы органдармен 821 мың адамға әлеуметтік көмек көрсетуге 83 млрд теңге бағытталады. Жыл басынан бері 9,3 млрд теңге сомасына 282 мың адамға көмек көрсетілді. Бұған қоса, 2019 жылы 373 мың жаңа жұмыс орны құрылады, қазірге дейін 31,9 мың жұмыс орны құрылған.

Министр сонымен қатар 58 мың отбасыны тұрғын үймен қамтамасыз етуге 2025 жылға дейін республикалық бюджеттен 500 млрд теңге бөлінетінін атап өтті, ол тұрғын үйді жалға беру және Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің жеңілдетілген қарыздарын беру арқылы жүзеге асырылады.

Оның айтуынша, әлеуметтік салада мемлекеттің серіктесі бизнес қауымдастығы болуы тиіс.

«Корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік қоғамда компанияның іскерлік беделін арттыратын тиімді қызмет ретінде қабылдануі тиіс. Ол тиісінше, бизнестің өз елінің дамуына, әлеуметтік және экологиялық салаға қосатын ерікті үлесі», — деді ол.

Қазақстанда 1 178 ірі кәсіпорында көп балалы ата-аналар қатарынан 23,3 мың адам жұмыс істейді. Оның ішінде 15 мыңға жуығының тұрғын үйге мұқтаж. Министр сонымен қатар бизнестің өңірлерде іске асырып жатқан әлеуметтік бастамалары туралы баяндады. Мәселен, 2019 жылғы 1-тоқсанда меценаттардың, демеушілер мен жеке адамдардың қаражаты есебінен аз қамтылған және көп балалы отбасыларға 3 млрд теңге сомасында әлеуметтік көмек көрсетілді, 5 мыңға жуық жұмыс орындары құрылды, аз қамтылған және көп балалы отбасылардың ішінен 1,4 мың адам жұмысқа орналастырылды, 268 отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етілді.

Қорытындылай келе, Б. Сапарбаев бизнес-құрылымдармен бірлесіп бірқатар әлеуметтік қолдау шараларын іске асыруды талқылаудың маңыздылығын атап өтті, оның ішінде «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ның «Бақытты отбасы», «Нұрлы жер» және тағы басқа бағдарламалары бойынша аз қамтылған және көп балалы отбасылар қатарындағы өз қызметкерлеріне тұрғын үй сатып алуға бастапқы жарнаның 10%-нан кем емес мөлшерде субсидиялауы бар.

Үкімет отырысында Елбасының «Әлеуметтік қамқорлық» идеясын қолдап, нақты әлеуметтік бастамаларды іске асыра бастаған бизнес өкілдері болғанын айта кеткен жөн. Қызылорда облысында жеке қаражаттар есебінен көп балалы және аз қамтылған отбасыларға арнап тұрғын үй салуға бағытталған «Баламекен» жобасының іске асырылуы туралы Болат Өтемұратов қорының директоры М. Айтмағамбетов айтып берді. Маңғыстау облысында үйде өз ісін және шағын өнеркәсіптерді ашуды қолдауға бағытталған «Үш күн ішінде бизнес ашу» жобасы туралы бастамашысы А. Нұрланова жан-жақты баяндады.

Мәселені қарау барысында сонымен қатар «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Басқарма төрағасы А. Есімов, «Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасы А. Мырзахметов, Қызылорда облысының әкімі Қ. Көшербаев, Қостанай облысының әкімі А. Мұхамбетов азаматтардың әлеуметтік әлжуаз санаттарын қолдау, оның ішінде бизнес қауымдастықпен бірлескен жобаларды іске асыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.

Отырыс соңында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Г. Әбдіқалықова Елбасының «Әлеуметтік қамқорлық» жаңа әлеуметтік бастамаларын ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатындағы Үкіметтік жұмыс тобының сапарларының қорытындысы Елбасының «Әлеуметтік қамқорлық» жаңа әлеуметтік бастамаларын халық та, ірі кәсіпорындар басшылары да, бизнес құрылымдар мен кәсіподақтар да белсене қолдайтынын көрсететінін жеткізді. Өз қызметкерлерін де, жергілікті халықты да әлеуметтік қолдау мәселесінде бизнестің бастамашылдық ниетінің басымдығы атап өтілді.

www.primeminister.kz

ҚР Премьер-Министрі А. Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Елбасының «Әлеуметтік қамқорлық» бастамасын іске асыру аясындағы әлеуметтік жобалар қаралды.

Атқарылып жатқан жұмыстар туралы ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Б. Сапарбаев баяндады. Бұдан өзге, іске қосылған әлеуметтік жобалар туралы «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарма төрағасы А. Есімов, Қызылорда облысының әкімі Қ. Көшербаев, «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы А. Мырзахметов, сондай-ақ, Елбасының «Әлеуметтік қамқорлық» идеясын белсенді қолдаған кәсіпкерлер – жобалардың авторлары айтып берді.

«Көптеген кәсіпкерлер Елбасының «Әлеуметтік қамқорлық» идеясын белсене қолдады», — деді Премьер-Министр, ірі бизнесмендердің әлеуметтік жобаларға өз қаражаты есебінен қатуысын атап өтіп.

Үкімет басшысы бизнес-бастамаларды дамыту, өзінің жеке ісін ашу тәжірибесін көпшілікке тарату керек екенін айтты. Көптеген кәсіпкерлер табысы аз азаматтарды өз кәсіпорындарына жұмысқа орналастырып, бизнес негіздеріне үйрете бастады.

«Азаматтар мұқтаж жандарға көмек тек мемлекеттен ғана емес, бизнес қоғамдастығынан да келіп жатқанын білуі керек. Біздің ортақ міндетіміз – азаматтарға өмірде өздері тап болған қиын жағдайдан шығуға көмек көрсету», — деді ҚР Премьер-Министрі.

Әлеуметтік мәселелер бойынша бизнестің қызықты идеялары мен ұсыныстары бар, олар Үкіметпен бірігіп іске асырылуы қажет. Сондықтан, өңірлердің әкімдеріне осындай бастамаларды белсенді түрде қолдау тапсырылды.

Бұдан өзге, Министрлер кабинетінің басшысы кәсіпорындардың басшыларын өз жұмыскерлерінің проблемаларына, соның ішінде тұрғын үй проблемаларына назар аударуға шақырды.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне атаулы әлеуметтік көмек алатын еңбек жасындағы адамдарды жұмысқа орналастыру, оқыту және қайта оқыту мәселесін ерекше бақылауға алу тапсырылды.

«Оларды барынша жұмыспен қамту қажет», — деп Премьер-Министр, бұл жұмысқа «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы да атсалысуы қажет екенін айтты.

www.primeminister.kz

ҚР Премьер-Министрі А. Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында ұлттық экономика, индустрия және инфрақұрылымдық даму, ауыл шаруашылығы министрліктерінің, өңірлердің бірқатар әкімдерінің, сондай-ақ «Атамекен» ҰКП-ның «Бизнестің жол картасы–2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысы туралы баяндамалары тыңдалды.

«Елбасы атап өткендей, кәсіпкерлікті дамыту – Үкімет жұмысының аса маңызды басымдықтарының бірі», — деп ҚР Премьер-Министр, Министрлер кабинетінің алдында шағын және орта бизнестің рөлін күшейтіп, оның ел экономикасындағы үлесін 2025 жылға қарай 35%-ға дейін жеткізу міндеті тұрғанын атап өтті.

«Бизнестің жол картасы–2020» бағдарламасы өз тиімділігін көрсетті және ол — еліміздің бизнес қауымдастығы үшін сұранысқа ие құралдардың бірі.

«Бағдарламаны іске асыруға 2018 жылы 71,8 млрд теңге бөлінді», — деді Асқар Мамин. Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуда Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының, Атырау және Қостанай облыстарының жақсы нәтижелерге қол жеткізгені айтылды. Үкімет басшысы артта қалып қойған өңірлерге, соның ішінде, Үкімет отырысыннда баяндама жасаған облыстарға осы бағыттардағы жұмысты жандандыруды тапсырды.

Премьер-Министр бірқатар нақты міндеттерге назар аударуды тапсырды.

Бірінші. Елбасының тапсырмасы бойынша «қарапайым заттар экономикасының» басым жобаларын несиелендіруге бөлінген 600 млрд теңге қаражаттың игерілу қарқынын өсіру керек және мұны қатаң бақылауға алу қажет.

Бүгінгі таңда кәсіпкерлер 310,4 млрд теңгеге 350 өтінім берген, олармен жұмыс жүргізілуде, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктер де қарап жатыр.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне «Атамекен» ҰКП-пен және мемлекеттік органдармен бірге «қарапайым заттар экономикасын» дамыту аясында құрылған жобалық офистің жұмысын жандандыру тапсырылды.

Ұлттық экономика министрлігіне «қарапайым заттар экономикасы» шеңберінде басым жобаларға кепілдік беру механизмін бекіту және айналым капиталын несиенің 50%-ға дейінгі мөлшерінде қаржыландыру құқығын беруді көздейтін қаулы жобасын енгізу тапсырылды.

Ауыл шаруашылығы министрлігіне «қарапайым заттар экономикасын» дамыту аясында АӨК саласындағы несиелерге субсидия беруді қамтамасыз ету тапсырылды.

Өз кезегінде, әкімдіктер бағдарлама талаптарына сай келетін жаңа жобаларды тарту бойынша қажетті ақпараттық жұмысты күшейтуі қажет.

Екінші. Әкімдіктерге шағын және орта бизнес жобаларына субсидия беру мен кепілдендіруге қосымша қаражат бөлу мәселесін қарастыру тапсырылды.

БЖК–2020 бағдарламасы шеңберінде несиелерді қаржыландырумен байланысты мәселелерді шешуде оң мысалдар бар: Шымкент қаласының әкімдігі субсидиялауға 600 млн теңге, ал жобаларға кепілдік беруге 250 млн теңге, Атырау облысының әкімдігі БЖК аясында субсидиялауға 600 млн теңге бөлді.

Үшінші. «Атамекен» ұлттық палатасына өз бизнесін ашқан адамдар санын өсіру үшін бизнес мектепте оқыту тиімділігін арттыру қажет.

«Жоғарыда аталған барлық мәселелер бойынша бағдарламаны іске асыру үшін шұғыл шаралар қабылдау қажет», — деді ҚР Премьер-Министрі А. Мамин, Бизнестің жол картасы бағдарламасының 2020 жылдан 2025 жылға дейінгі келесі кезеңін әзірлеп, бекітуді тапсырып.

www.primeminister.kz

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында «Бизнестің жол картасы–2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысы қаралды.

Елімізде шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту туралы баяндай отырып, ҚР ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов мемлекеттік бағдарламаны іске асыруға республикалық бюджеттен 210 млрд теңге қаражат бөлінгенін атап өтті. Аталған қаражатқа 13 мың ШОБ субъектілері қаржыландырылды, 10 мың жұмыс орны құрылды, 3,3 трлн теңгеге өнім шығарылды.

Бөлінген қаражаттың көп бөлігі — 126 млрд теңге немесе барлық соманың 60,2%-ы несиелер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға бағытталған. Бөлінген қаражаттың 53 млрд теңгесі немесе 25,2%-ы фабрикалар, зауыттар мен шағын және орта бизнестің өндірістік объектілеріне жетіспейтін инфрақұрылым жүргізуге бағытталды. Қаражаттың қалған бөлігі кредиттерді кепілдендіруге, гранттар беруге, оқытуға және кәсіпкерлерге консультациялық қызмет көратуге бағытталды.

«Бағдарламаны іске асыру кезеңдерінде бөлінген қаражаттың толықтай игерілуі қамтамасыз етілді. Бұл ретте 2019 жылы қаржыландыруға 2018 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда ( 57%-ға артық қаражат көзделген. 2019 жылғы бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша 715 жобаға қолдау көрсетілді, олар бойынша 11,5 млрд теңге сомасына субсидиялар мен кепілдіктер төленді», — деді Р. Дәленов.

Сонымен қоса, жыл сайын 20 мыңға жуық кәсіпкер білім алады және біліктілігін арттырады, 154 мың кәсіпкер консультациялық және сервистік қызмет алады.

2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 1,2 млн бірлікке жетті. Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіш 8,3%-ға өсті.

Министр биыл Елбасының тапсырмасымен «қарапайым заттар экономикасын» дамыту бойынша қолжетімді несиелеу міндетін шешу үшін 600 млрд теңге бөлінгенін еске салды. 65 экономкалық қызмет түрінен 365 тауарлық позиция айқындалды. Басым жобаларды несиелеу тетігі шеңберінде қазіргі кезге 283 млрд теңге кредит сомасына 282 өтінім дайындалу сатысында.

Бұдан басқа, ШОБ дамытуды одан әрі ынталандыру үшін кәсіпкерлік қызметті дамытуға қолайлы жағдайлар тудыруға бағытталған бизнес-ортаны дамыту бойынша заңнамалық түзетулердің 7-ші пакеті қабылданды. «БЖК - 2020» бағдарламасын 2025 жылға дейін ұзарту аясында қаржылай қолдау құралдарын жетілдіруге бағытталған түзетулер әзірленген.

Өз кезегінде индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр «қарапайым заттар экономикасын» дамыту аясында басым жобаларды жеңілдікпен несиелендіру бағдарламасын тиімді іске асыру үшін 2019 жылдың 18 наурызынан бастап «Атамакен» ҰКП базасында Бағдарламаны іске асыру барысына мониторинг жасайтын Жобалық офис қызмет атқарып жатқанын айтты.

«Бүгінде Жобалық офистің 7 отырысы өткізілді, отырыс аясында өңірлердегі 300-ден астам кәсіпорын тыңдалды. Жобалық офис жұмысында сомасы 306 млрд теңгені құрайтын 344 әлеуетті жоба бар, оның ішіндегі 6,1 млрд теңге болатын 10 жобаны екінші деңгейлі банктер мақұлдады, сомасы 16,6 млрд тг болатын 52 жоба екінші деңгейлі банктердің қарауында», — деді Р. Скляр. Банктерде қаралып жатқан әлеуетті жобалардың негізгілері жеңіл, тамақ өнеркәсібі және қызмет көрсету салаларынан.

Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров жеңілдікті несиелендіру бағдарламасы бойынша АӨК дамытуға бөлінген 200 млрд теңгеден 100 млрд теңгесі ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуді дамытуға жұмсалатынын айтты. Онда мөлшерлеме «БЖК–2020» есебінен субсидияланады. Тағы 100 млрд теңгесі ауыл шаруашылығы өндірісін дамытуға бағытталады — мөлшерлеме Ауыл шаруашылығы министрлігінің бағдарламасы бойынша субсидияланады, бюджетте аталған мақсаттарға қажетті қаражат бар.

Сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға қатысты айтар болсақ, осы жылдың 1 ақпанынан бастап мемлекеттік қызмет көрсету тізіліміне сәйкес аталған субсидия тек қана электронды түрде жүзеге асырылуы тиіс. Ақпараттық-есеп орталығы «Транстелеком»-мен бірлесе отырып, инвестиция салып, Qoldau.kz платформасында субсидиялаудың электронды ақпараттық жүйесін әзірледі.

«Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасын іске асыру барысы туралы Батыс Қазақстан облысының әкімі А. Көлгінов, Павлодар облысының әкімі - Б. Бақауов баяндады.

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының төрағасы А. Мырзахметов «Атамекен» ҚР ҰКП 2014 жылдан бері «Бизнестің жол картасы–2020» бағдарламасының төртінші бағыты - кәсіпкерлерді қаржылай емес қолдау бойынша оператор екенін атап өтті, оны келесі бағыттар бойынша іске асыруда: жұмыс істеп тұрған бизнесті сервистік қолдау, моноқалаларда, шағын қалалар мен аудан орталықтарында бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары туралы ақпараттық қамтамасыз ету, «Бизнес-мектеп», «Іскерлік байланыстар», «Аға сеньорлар» жобалары. 20 кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы мен 191 кәсіпкерлерді қолдау орталығы жұмыс істейді. 2018 ж. бастап 138 мыңнан астам кәсіпкерлер бизнес-мектеп пен «Іскерлік байланыстар» құралы аясында тегін сервистік қызметтерді пайдаланды, 20 914 кәсіпкер оқытылды, тікелей кәсіпорындарда кеңес беру үшін табысты жұмыс тәжірибесі бар 64 біліктілігі жоғары шетелдік маманның эскперттік миссиясы іске асырылды.

Мәселені қарау қорытындысы бойынша ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Ә. Смайылов «Бизнестің жол картасы - 2020» бизнесті қолдау бағдарламасы ел экономикасын дамытуда маңызды құрал екенін атап өтті. Бағдарламаның арқасында елімізде шағын және орта бизнесті қолдау бойынша ауқымды жұмыстар атқарылды. Бизнесті қолдау құралдарын қайта қарастыру нәтижесінде 2025 жылға дейінгі бизнесті қолдау мемлекеттік бағдарламасы әзірленетін болады, ол 1 қыркүйекке дейін қабылдануы тиіс.

www.primeminister.kz

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Сенатының төрағасы Дариға Назарбаеваны, Премьер-Министр Асқар Маминді, Конституциялық Кеңес төрағасы Қайрат Мәмиді, Парламент Мәжілісі төрағасының орынбасары Владимир Божконы қабылдады

Кездесу барысында Қазақстан Республикасының ішкі саясатына қатысты өзекті мәселелер талқыланды.

www.primeminister.kz

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Арман Дайырұлы Жұмабеков ҚР ұлттық экономика бірінші вице-министрі қызметіне тағайындалды.

www.primeminister.kz

Сейсенбі күні, 9 сәуірде, сағат 09:00-де Үкімет үйінде ҚР Үкіметінің отырысы өтеді.

Отырыстың күн тәртібінде:

«Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысы.

Елбасының «Әлеуметтік қамқорлық» бастамасын іске асыру аясындағы әлеуметтік жобалар.

Отырыс қорытындысы бойынша Үкіметтің баспасөз орталығында ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаевтың қатысуымен баспасөз конференциясы өтеді.

Тікелей таратылымдарды PrimeMinister.kz сайтынан, Фейсбук, «Вконтакте», Твиттер, Перископ әлеуметтік желілерінен, Ютуб ресми арнасынан, сондай-ақ Андроид пен Айфонның мобильдік қосымшаларынан көре аласыздар.

www.primeminister.kz

ҚР Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов ЕҚЫҰ төрағасы, Словакия Сыртқы және еуропалық істер министрі Мирослав Лайчакпен кездесті.

М. Лайчак ЕҚЫҰ төрағасының Орталық Азия елдеріне дәстүрлі іссапары аясында Қазақстанға келді.

«Бүгін әріптесіммен ЕҚЫҰ күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқыладық. Қазақстан мен Ұйым арасындағы ынтымақтастықтың жай-күйі мен келешегі, алдағы жоспарларға баса мән берілді. Келіссөздердің басты тақырыбы ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасының  ЕҚЫҰ шеңберінде Еуразиялық кеңістіктегі кешенді қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған бастамалары болды», - деді Бейбіт Атамқұлов ҚР Сыртқы істер министрлігінде өткен брифингте.

Атап айтқанда, 2020 жылы Хельсинки Қорытынды актісінің 45 жылдығына арналған Қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі халықаралық конференцияны ұйымдастыру және ЕҚЫҰ, АӨСШК және АСЕАН хатшылықтары арқылы ынтымақтастық қатынастарын орнатуды талқылады.

«Бүгін біз ЕҚЫҰ барлық жауапкершілік аймағы бойынша ұйым құрылымдарын біркелкі орналастыруды, ұйым қызметінің тиімділігін арттыру үшін далалық миссияларды жаңа форматқа көшіру мүмкіндігін талқыладық. Осындай болашақ форматтардың бірі ретінде, ұйымның экономикалық және экологиялық өлшемдерінің мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыратын ЕҚЫҰ тұрақты өзара байланысы жөніндегі тақырыптық орталық құру бастамасы қаралуда», - деді Бейбіт Атамқұлов.

Сонымен қатар, министрдің айтуынша,  Қазақстан мен Словакия ынтымақтастығының өзекті мәселелері талқыланды.

«Өткен жылы екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың 25 жылдығын атап өттік. Бұл маңызды жылда Қазақстанға Словакияның Премьер-министрі Питер Пеллегрини алғашқы ресми сапармен келді, сауда-экономикалық ынтымақтастық және саяси консультациялар бойынша үкіметаралық комиссия отырысы өтті. Жалпы келіссөздер қорытындысы бойынша, біз барлық деңгейдегі диалогты күшейтуге және ынтымақтастықты тереңдетуге бағытталған күш-жігерді жалғастыруға уағдаластық», - деді Бейбіт Атамқұлов.

ҚазАқпарат

Мұрағат

Сәуір
2019
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту