2019 жылғы 6 сәуірде ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Г. Әбдіқалықова бастаған Үкіметтік жұмыс тобы Павлодар облысындағы жұмысын жалғастырды.

Вице-премьер мен еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Халықты жұмыспен қамту орталығына, Халыққа қызмет көрсету орталығына және «Open Pavlodar» фронт-офисіне барып, ол жерде олардың жұмысын тексерді.

1 сәуірдегі жағдай бойынша 1368 жұмыс берушіден 2800 бос жұмыс орны бар. 2053 жұмыс іздеп жүрген адам тіркелді, тұрақты жұмыс орнына – 1262, әлеуметтік жұмыс орындарына – 121, жастар практикасына – 52, қоғамдық жұмыстарға – 364 адам тіркелді. 48 отбасыны көшіруге арналған мемлекеттік қолдау шаралары бойынша қаражат бөлінді.

Одан кейін Павлодар облысының халқымен кездесу өтті.

«Бүгінде мемлекет халықтың аз қамтылған тобын әлеуметтік қолдау көрсетуге бағытталған шараларды қабылдануда. 1 сәуірден бастап атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау төменгі күнкөріс деңгейінің 70% арттырылды және 20 789 теңгені құрайды, мамыр айынан бастап жалдамалы баспана беру басталады, ал 1 маусымнан бюджеттік саланың жалақысы төмен қызметкерлерінің жалақысы арттырылады. Білім беру және денсаулық сақтау жүйесінің қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша шаралар қабылданады», — деді Г. Әбдіқалықова.

Кездесу соңында Гүлшара Әбдіқалықова азаматтармен жеке қабылдау өткізді. Ол басшылыққа жұмыссыз жүрген Айдар Қалымовты «Лидер Пласт-ПВ» ЖШС әлеуметтік жұмыс орнына 120 мың теңге жалақымен менеджер ретінде жұмысқа орналастыруға жәрдемдесуді тапсырды.

Павлодар облысына жұмыс сапарының қорытындысы бойынша ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Г. Әбдіқалықова бірқатар тапсырма берді.

www.primeminister.kz

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен Марат Рахмалыұлы Нұрғожин цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі қызметіне тағайындалды және осыған дейінгі қызметінен босатылды.

Марат Нұрғожин 1957 жылы 30 маусымда дүниеге келген. 1980 жылы Н. Бауман атындағы Мәскеу жоғары техникалық училищесін бітірген. Еңбек жолын 1980 жылы бастаған. Түрлі жылдары Қарағанды политехникалық институтында, Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде, Білім және ғылым министірлігінде, «Самғау» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» АҚ, «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясы» АҚ жұмыс істеген. 2016–2019 жылдары қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен Дарын Шылбыұлы Тұяқов цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі лауазымына тағайындалды және осыған дейінгі қызметінен босатылды.

Дарын Тұяқов 1969 жылы 25 мамырда Алматы облысында дүниеге келген. Ю.В. Андропов атындағы Ленинград жоғары әскери-саяси әуе қорғанысы училищесін, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, РФ Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясын Халықаралық бизнес академиясын бітірген. Еңбек жолын 1990 жылы бастаған. Әуе қорғаныс күштері радиотехникалық әскер жеке радиолокациялық ротасының командирінің орынбасары, ҚР Әділет министрлігінің жетекші кеңесшісі болып жұмыс істеді. 2002 жылдан 2018 жыл аралығында «Қазақтелеком» АҚ түрлі қызметтерде — заң бөлімінің бастығынан бас директорға, Аппарат басшысы, Басқарма мүшесіне дейінгі қызметтерді атқарды. 2018–2019 жж. — ақпарат және коммуникациялар вице-министрі.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен Абылайхан Есенұлы Оспанов цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі лауазымына тағайындалды.

Абылайхан Оспанов 1986 жылы 16 маусымда Алматы қ. дүниеге келген. Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін, Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін бітірген. Түрлі жылдары «Жасыл Ел» жастар еңбек жасақтары республикалық штабында, түрлі коммерциялық ұйымдарда, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ, ішкі істер, байланыс және ақпарат, көлік және коммуникациялар, инвестициялар және даму министрліктерінде, ҚР ақпарат және байланыс агенттігінде, «Нұр Отан» партиясының орталық аппаратының қабылдауында, «Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ жұмыс істеді. 2017–2019 жж. «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Басқарма төрағасы болды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен Асхат Елубайұлы Оразбек цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі лауазымына тағайындалды.

Асхат Оразбек 1976 жылы 13 сәуірде Қарағанды қаласында туған. Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген. Еңбек жолын 1995 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігінің Қолданбалы математика институты зертханасының инженері болып бастаған. Түрлі жылдары ҚР Президент Әкімшілігінің Ақпараттандыру және мемлекеттік құпияларды қорғау бөлімі секторының меңгерушісі болды, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ және «Зерде» ұлттық ақпараттық-коммуникациялық холдингі» АҚ, «ҚазТрансОйл» АҚ, «Транстелеком» АҚ басшылық лауазымдарды атқарды. 2017 жылдың ақпанынан бастап ҚР Блокчейн және криптотехнологияларды дамыту қауымдастығының вице-президенті болды.

www.primeminister.kz

Бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Г. Әбдіқалықова бастаған Үкіметтік жұмыс тобы Елбасының «Әлеуметтік қамқорлық» жаңа әлеуметтік шараларын түсіндіру бойынша Павлодар облысына келді.

Жұмыс тобының құрамына еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Б. Сапарбаев, білім және ғылым министрі К. Шәмшидинова, денсаулық сақтау министрі Е. Біртанов, Құрылыс және тұрғын-коммуналдық шаруашылығы істері комитетінің төрағасы М. Жайымбетов, Nur Otan партиясының хатшысы Ф. Қуанғанов кірді.

Өңірдегі жұмыс сапары Екібастұз қаласының өнеркәсіптік және әлеуметтік объектілерін аралаумен басталды.

Премьер-Министрдің орынбасары еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрімен «Б. Нұржанов атындағы Екібастұз 1-МАЭС» ЖШС базасында қала және аудан әкімдерімен, кәсіпорын, бизнес-құрылым және кәсіби одақ басшыларымен кездесу өткізді.

«Әр компанияға әлеуметтік жауапты болуға, өз жұмыскерлерінің әлеуметтік және тұрғын үй мәселелерін шешу бойынша шаралар қолдануға, әкімдіктерге әлеуметтік-еңбек саласын дамытуға көмектесуге ұмтылу қажет. Сондықтан бұл жұмысты жүйелі жалғастыру керек», — деді вице-премьер.

Бұдан әрі олар жылына 10 млн раушан гүлі мен 4 мың тонна қызанақ өсіретін «GreenHouse KZ» ЖШС жылыжай кешенін аралады. Кәсіпорында шамамен 200 адам жұмыс істейді, орташа еңбек ақы 120 мың теңгені құрайды. Осы жылы аз қамтылған халық топтарынан әсіресе әйелдерді қабылдау үшін жаңа 300 жұмыс орнын құру жоспарлануда.

Содан соң, Г. Әбдіқалықова мен Б. Сапарбаев Елбасының бастамасы «7-20-25» бағдарламасы бойынша пәтер алған темір ұстасы Н. Кенжебаев пен станок операторы Қ. Нүркеевтің отбасыларына барды. Баспанаға бастапқы жарнаны олар жұмыс істейтін кәсіпорын төледі.

Вице-премьер мен еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі құрылысы жүріп жатқан отын-энергия салалары үшін кадрларды дайындау мен қайта дайындаудың өңіраралық орталығында «Қайнар» білім беру және демалыс кешені қызметімен танысты және жастармен кездесті.

Кездесуде ауылдан келген жас кәсіпкер Ғ. Әлдібеков өз жоспарларымен бөлісті. Өз бизнесін ол 2,5 млн теңге сомасында жеңілдік несиемен «Даму» қоры бойынша бастады. Қазіргі күні оның шаруашылығында 100 жылқы, 77 ірі қара мал, 120 қой бар. Ғ. Әлдібеков өз құрдастарына ауылға келіп, мал және өсімдік шаруашылығымен айналысуға шақырды, бұл үшін мемлекеттің барлық жағдай жасағанын атап айтты.

Осы күні жұмыс тобының өзге мүшелері Павлодар облысының аудандарына барды. Білім және ғылым министрі К. Шәмшидинова – Тереңкөл ауданына, денсаулық сақтау министрі Е. Біртанов –Май ауданына, Құрылыс және тұрғын-коммуналдық шаршуашылығы істері комитетінің төрағасы М. Жайымбетов – Павлодар және Ақсу қалаларына, Nur Otan партиясының хатшысы Ф. Қуанғанов – Ақтоғай ауданына барды.

Жұмыс тобының мүшелері ауыл педагогтармен, денсаулық сақтау қызметкерлерімен кездесті, денсаулық сақтау, білім беру нысандарын және мекемелерді, құрылыс алаңдарын аралап, халықпен жеке қабылдау өткізді.

www.primeminister.kz

2019 жылғы 5 сәуірде ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Г. Әбдіқалықованың төрағалығымен Үкіметтік жұмыс тобының мүшелері Қостанай облысында Елбасының «Әлеуметтік қамқорлық» жаңа әлеуметтік шараларының негізгі бағыттарын түсіндіру жұмысын жалғастырды.

Вице-премьер еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрімен Рудный қаласындағы «Соколов-Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігі» АҚ оқу орталығына барды.

Орталық негізгі тау-кен кәсібі бойынша кадрларды дайындаумен айналысады. Бұдан басқа, орталықта басшылар мен мамандар біліктілікті арттырады, өнеркәсіп қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқыту жүргізіледі. Оқыту орталығында жыл сайын 6 мыңнан 7 мыңға дейін адам кәсіби дайындық мәселері және 20 мың адам өнеркәсіп қауіпсіздігі мәселелері бойынша оқытылады.

Г. Әбдіқалықова мен Б. Сапарбаев осы орталықта оқып жатқан курсанттармен кездесті. Кездесуде Премьер-Министрдің орынбасары Елбасының «Қазақстанның болашағы – Жалпыға ортақ еңбек қоғамы» деген сөздерін баса айтты. Қоғамдық басым құндылық ретінде адал және өнімді жұмыс рөлі ереше атап өтілді.

Бұдан әрі қала және аудан әкімдерімен, кәсіпорын басшыларымен, бизнес-құрылым және кәсіби одақ өкілдерімен кездесу өткізілді. Онда нақты экономика, бизнес-құрылым секторларындағы әлеуметік әріптестік пен әлеуметтік жауапкершілік мәселелері қарастырылды. Іс-шара барысында «ЖАС ҚАНАТ–2006» ЖШС директоры Қ. Майышев көп балалы отбасыларға және халықтың аз қамтылған санаттарына жыл сайын үш жұмыс орнын беру бастамасымен сөз сөйледі және әріптестеріне қолдауға өтініш білдірді. Вице-премьер кәсіпорын және компания басшыларын аз қамтылған қазақстандықтардың әлеуметтік және тұрғын үй мәселерін шешуге нақты ат салысуға шақырды.

Осы күні жұмыс тобының мүшелері облыстың басқа аудандарына барды. Денсаулық сақтау министрі Е. Біртанов — Федоров ауданына, білім және ғылым министрі К. Шәмшидинова — Әулиекөл ауданына, Құрылыс және тұрғын-коммуналдық шаршуашылығы істері бойынша комитет төрағасы М. Жайымбетов — Алтынсарин ауданына, Nur Otan партиясының хатшысы Ф. Қуанғанов — Таранов ауданына барды. Олар денсаулық сақтау, білім беру және басқа да әлеуметтік мекемелерді аралады, онда ауыл тұрғындарымен, педагогтармен, денсаулық сақтау қызметкерлерімен кездесті. Сонымен бірге олар халықпен жеке қабылдау өткізіп, тиісті түсіндірулер жүргізді және өмірлік мәселелерді шешуге жәрдемдесті.

www.primeminister.kz

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин ірі америкалық ауыл шаруашылығы компанияларының басшылары: Tyson Foods президенті С. Стоуффермен, Valmont Irrigation президенті М. Леонардпен, AGCO вице-президенті Т. Уилкимен кездесу өткізді.

Кездесуде ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2018 жылы АҚШ-қа ресми сапары барысында қол жеткізілген келісімдерді іске асыру аясында агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды.

Бүгінде қуаттылығы ауысымына 2000 басқа дейін ірі қара мал басын құрайтын ет өңдеу комбинатын, мал бордақылау орталықтарын, балық шаруашылығы кешенін, агробизнеспаркті, ирригациялық жүйелер өндіретін зауытты салу бойынша жаңа бірлескен жобаларды іске асыру пысықталып жатыр. Барлық жобалар әлемдік стандарттарға сай келетін озық технологиялармен жабдықталатын болады.

Компаниялардың өкілдері Қазақстанның агроөнеркәсіптік саласындағы ілгерілеуді атап өтіп, бірлескен өндірістердің зор әлеуеті барын айтты. Қазақстанның географиялық жағынан тиімді орналасуы компаниялар алдында жаңа өткізу нарықтарын ашып отыр, оның ішінде ЕАЭО, Орталық Азия елдері және ҚХР бар.

ҚР Премьер-Министрі А. Мамин, өз кезегінде, Қазақстан Үкіметінің агроөнеркәсіптік сектордағы қазақстандық-америкалық ынтымақтастыққа жан-жақты қолдау көрсететінін хабарлады.

Кездесуге ҚР-дағы АҚШ елшісі У. Мозер, АҚШ-тағы ҚР елшісі Е. Қазыханов, ауыл шаруашылығы министрі С. Омаров және т.б. қатысты.

www.primeminister.kz

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Марат Алмасұлы Әзілханов ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметіне тағайындалды.

Марат Әзілханов 1965 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. «Емдеу ісі» мамандығы бойынша Қарағанды мемлекеттік медициналық университетін, «Құқықтану» мамандығы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитетінің академиясын тәмамдаған.

Еңбек жолын 1988 жылы бастаған.

1988–1992 жылдары — қалалық аурухананың дәрігер-интерні, Қызылорда қаласының №5 емханасының хирург дәрігері.

2011–2013 жылдары ҚР Дін істері агенттігінің төраға орынбасары қызметін атқарған.

2013–2014 жылдары — ҚР Дін істері агенттігінің төрағасы.

2014–2016 жылдары — ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі.

2016–2018 жылдары — ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің жауапты хатшысы.

2018–2019 жылдары — ҚР Қоғамдық даму министрлігінің жауапты хатшысы.

Бұдан өзге, ҚР Үкіметінің қаулысымен Нұргүл Өсербайқызы Мауберлинова ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметіне тағайындалды, ол бұған дейін атқарған қызметінен босатылды.

Нұргүл Мәуберлинова 1973 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін және Қазтұтыну одағының Қарағанды экономикалық университетін бітірген.

Еңбек жолын 1992 жылы бастаған. Түрлі жылдары мемлекеттік органдар құрылымы мен коммерциялық секторда қызмет еткен.

2006–2008 жылдары — ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитетінің бас маманы, бас сарапшы.

2008–2012 жылдары — ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Ақпараттық-сараптамалық орталығының бас кеңесшісі.

2012–2016 жылдары ҚР Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» директорының орынбасары, ҚР Парламенті Мәжілісінің кеңесшісі лауазымында болды.

2016–2018 жылдары ҚР Ақпарат және коммуникациялар қызметінің Ақпарат комитетінің төрайымы болып жұмыс істеді.

2018 жылы сәуірде ҚР ақпарат және коммуникациялар вице-министрі қызметіне тағайындалды.

Сондай-ақ, ҚР Үкіметінің қаулысымен Динара Ринатқызы Щеглова берген өтініміне сәйкес ақпарат және коммуникациялар вице-министрі қызметінен босатылды.

www.primeminister.kz

2019 жылғы 4 сәуірде ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Г. Әбдіқалықованың басшылығымен жұмыс тобы Елбасының «Әлеуметтік қамқорлық» жаңа әлеуметтік шараларының басты бағыттарын түсіндіру мақсатында Қостанай облысына барды.

Жұмыс тобының құрамына еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Б. Сапарбаев, білім және ғылым министрі К. Шәмшидинова, денсаулық сақтау министрі Е. Біртанов, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері жөніндегі комитет төрағасы М. Жайымбетов, Nur Otan партиясының хатшысы Ф. Қуанғанов кірді.

Қостанай облысының Затобол кентінде халықпен кездесуінде Гүлшара Әбдіқалықова халықтың әлеуметтік әлжуаз топтарын әлеуметтік қолдау бойынша шаралар қазақстандықтардың табысын арттыруға, тұрғын үймен қамтуға, білім беру және денсаулық сақтау қызметтерінің сапасын көтеруге бағытталғанын баса айтты.

Облыста «Бақытты отбасы» жобасы сәтті іске асырылуда. 2 мыңнан астам отбасыға материалдық көмек көрсетілді, сонымен қатар өңір демеушілері көп балалы 14 отбасыға үй мен пәтерлер сатып алып берген.

Г. Әбдіқалықова 8 баланы тәрбиелеп отырған Шәкіровтер жанұясына барды. Аталған жоба шеңберінде оларға «БК-Строй» ЖШС қайырымдылық жасаушылары пәтер сыйлаған.

Премьер-Министрдің орынбасары осы аудандағы Затобол кенті мен Мичурин ауылында тұратын көп балалы отбасыларға барды. Соның нәтижесі бойынша ол облыс басшылығына олардың мәселелерін шешуге қатысты бірқатар тапсырмалар берді. Мәселен, мектеп жасындағы 6 баласы бар Михайловтар отбасына үйдің шатырын жөндеу және терезелерін ауыстыруда көмек көрсетілетін болды.

Бұдан басқа, вице-премьер Жұмыспен қамту орталығы мен Халыққа қызмет көрсету орталығының жұмысын тексерді. 2018 жылы ХҚКО қызметкерлері мүмкіндігі шектеулі азаматтарға үйлеріне барумен 2 899 мемлекеттік қызметті көрсеткен.

Сапар соңында Премьер-Министрдің орынбасары кеңес өткізді, онда «Еңбек» Өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік бағдарламасының Қостанай облысында іске асырылу барысы қарастырылды.

Жалпы, ауданда жұмыспен қамту шараларымен 100 мыңнан астам адам қамтылды, 1135 адамға және 185 оралмандар отбасына еңбек күші көп өңірлерден ерікті түрде көшіп келуге көмек көрсетілді.

2018 жылы техникалық және кәсіби білімі бар кадрларды дайындауға 950 мың адам бағытталды, 1653 адам қысқа мерзімді оқытуды өтті, оның ішінде 1454 адам жұмысқа орналастырылды. Өз ісін ашып, кеңейтуге 1021 шағын несие берілді, оның 933-і ауылдық жерде берілді. «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерліктің негіздеріне 2311 адам оқытылды, оның ішінде 1474 адам бизнес-жобаларын қорғады, 660 адам шағын несие алды. 2018 жылдан бастап мемлекеттік гранттар ұсынылуда. Бастапқы бизнесті бастау үшін 118 астам грант беріледі.

Кеңес қорытындысы бойынша Мемлекеттік бағдарламаны өңірде іске асырудың өзекті мәселелерін шешуге бағытталған бірқатар нақты шаралар әзірленді.

Қостанай облысына жұмыс сапары жалғасуда.

www.primeminister.kz

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Директорлар кеңесінің отырысы өтті.

Отырыс барысында жекешелендірудің 2016–2020 жылдарға арналған кешенді жоспарын іске асыру және түзету мәселелері талқыланды. Қордың тәуекелдерін басқару саясаты мәселелері бойынша есептер тыңдалып, ішкі бақылау жүйесін одан әрі жетілдіру шаралары бекітілді. Сонымен қатар, Қордың қайырымдылық жұмысының қорытындысы шығарылып, сондай-ақ, бірқатар процедуралық мәселелері шешілді.

«Атырау халықаралық әуежайы» АҚ, «Ақтөбе халықаралық әуежайы» АҚ, «Павлодар әуежайы» АҚ тиісті облыс орталықтарының әкімдіктерінің коммуналдық меншіктеріне беру туралы шешім қабылданды. Аталған шешім көлік қолжетімділігі мен халық жұмылғыштығын қамтамасыз етуді, сондай-ақ өңірлерді дамыту үшін әуежайлардың әлеуметтік маңызын ескере отырып қабылданды.

Қордың Компаниялар тобының негізгі қызметінен түскен кірістері 2018 жылы 35%-ға ұлғайтылғаны аталып өтті. Таза кіріс көлемі 2017 жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда 2 есеге өскен. Оң өндірістік қаржылық нәтижелер Қорға денсаулық сақтау, салауатты өмір салты, медицина, білім беру және қайырымдылық салаларында әлеуметтік бағдарламаларды іске асыруды жалғастыруға және кеңейтуге жол ашты.

Отырыс аясында Қордың қайырымдылық бағдарламасын орындаудың 2018 жылға арналған Жылдық есебі қаралды. Қор атынан қайырымдылық шараларын орындайтын оператор — Samruk-Kazyna Trust Корпоративтік қоры. 2018 жылы Корпоративтік қор 250 000-нан астам адамды қамти отырып, 5,5 млрд-тан астам теңгеге 32 қайырымдылық жобасын қолдады. Бағыттар келесі санаттарды қамтиды: әлеуметтік және медициналық секторларда адамдарға, қоғамдастықтарға көмектесу, медианы, мәдени қауымдастықты, адам әлеуетін дамыту, еңбек қатынастарын нығайту, қоғамның тұрақты дамуына инвестициялар, сондай-ақ, Қор тобы бар өңірлерде әлеуметтік инвестициялардың өңірлік бағдарламаларын іске асыру.

www.primeminister.kz

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Нұр-Сұлтан қаласын дамытудың өзекті мәселелері жөнінде кеңес өткізді.

Кеңес барысында ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бесжылдық кезеңге (2019–2023 жылдарға) қаланың жинақы құрылысы жөніндегі Кешенді жоспарын іске асыру бойынша, сондай-ақ, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың елорданы дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысы қаралды. Жүйелі мәселелерді шешуге назар аударылды, олардың қатарында тұрғын үйдің қолжетімділігін арттыру, әлеуметтік нысандар салу, көлік инфрақұрылымын дамыту, магистралдық, орамішілік және аулаішілік жолдардың жай-күйін жақсарту, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, көшелерді, саябақтар мен басқа да қоғамдық орындарды жарықтандыру, коммуналдық қызметтер ұсынатын қызметтер сапасын арттыру, сондай-ақ шеткері аймақтарды дамыту мәселесі болды.

Кешенді жоспардың іске асырылуы және Нұр-Сұлтан қаласын дамытудың өзекті мәселелері туралы қала әкімі Б. Сұлтанов баяндады. Өз кезегінде, денсаулық сақтау министрі Е. Біртанов, білім және ғылым министрі К. Шәмшидинова, ауыл шаруашылығы министрі С. Омаров, мәдениет және спорт министрі А. Мұхамедиұлы, индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қ. Өскенбаев, қаржы бірінші вице-министрі Б. Шолпанқұлов, сонымен қатар энергетика вице-министрі М. Мырзағалиев бейінді бағыттар бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы хабарлады.

ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Елбасы есімін иеленуіне байланысты қаланы дамытуға жаңа серпін алған елорданың жоғары статусын атап өтті. Тарихи тұрғыдан аз уақыт ішінде шағын қала ірі мегаполиске айналды, Нұр-Сұлтан қаласының одан әрі қарқынды дамуын қамтамасыз ету қажет. Сондықтан инфрақұрылым сапасы, елорданың сыртқы кескін-келбеті, азаматтардың өмір сүру және қолайлылық деңгейі мемлекеттік органдардың жұмысының басымдықты бағыттары болуы керек.

«Қаланың дамуына ерекше көңіл бөлу керек, инфрақұрылымдық мәселелерді шешу бойынша күнделікті бақылау жасап, шараларды уақытылы қабылдау керек», — деді А. Мамин.

Үкімет тарапынан бұл бағытта барлық қолдау шаралары көрсетіледі. Елбасының «Әлеуметтік қамқорлық» жаңа әлеуметтік бастамалары аясында Кешенді жоспар мен жобалардың іске асырылуын қаржыландыру толық көлемде қамтамасыз етіледі.

Кеңесті қорытындылаған Үкімет басшысы бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігіне мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, Кешенді жоспардың іс-шараларын сапалы әрі уақытылы орындау бойынша қажетті шараларды қабылдау, қала құрылысы мен инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша айтылған мәселелерге қатысты нақты ұсыныстарды әзірлеп, енгізу тапсырылды.

ҚР Премьер-Министрі А. Мамин «Астана» Халықаралық Қаржы Орталығы Нұр-Сұлтан қаласының экономикасын дамытудың драйверлерінің біріне айналуы керек екенін атап өтті. Қажетті институционалдық құқықтық база құрылған, АХҚО қызметі үшін тиісті инфрақұрылым дамытылған.

«Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігіне шетелдік инвесторлардың келуіне жағдайды жақсарту керек, соның ішінде қолайлы өмір сүруді, қауіпсіз ортаны және алдыңғы қатарлы халықаралық стандарттар деңгейінде әлеуметтік қызметтерге қолжетімділікті қамтамасыз ету қажет», — деді А. Мамин.

www.primeminister.kz

ҚР Ауыл шаруашылығы министрілігі қазақстандық кәсіпорындарға сыртқы нарықтарға аса көбірек өнімдер түрлерімен шығуға мүмкіндік беретін жол карталарын әзірледі. Бұл туралы ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында өткен баспасөз конференциясы барысында ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі Гүлмира Исаева айтып берді.

Ауыл шаруашылығы вице-министрінің айтуынша, Қазақстан негізгі азық-түлік өнімдері бойынша ішкі қажеттіліктерін толық өтейді. Енді өндірісті ұлғайту және шетелдік өткізу нарықтарына шығу міндеті тұр.

«Біз өзіміз үшін жеткілікті өнім шығарамыз, ал өндіріс көлемін ұлғайту үшін бізге басқа елдердің нарықтарына шығу керек», — деді ол.

Алайда, импортқа тәуелділік мәселесі бірнеше өнім түрі бойынша өзекті болып отыр. Атап айтқанда, ол құс еті, кейбір жеміс түрлері, балық және т. б.

«Қазір біз бройлерлік бағыттағы құс фабрикаларын белсене несиелендіріп, салып жатырмыз, бұл құс еті өндірісінің көлемін арттыру үшін жасалуда. Сонымен қатар жемістер, нақты айтқанда, алмалар мен алмұрттар өндірісін дамыту, теңіз, мұхит балығы импорты бағдарламасы бар, себебі Қазақстан тек өзен балығы мен аквакультураны шығарады», — деді Г. Исаева.

Қазіргі кезде ведомство отандық өндірістің дамуына ықпал ететін екі жол картасын әзірледі.

«Бұл органикалық өнімдерді дамытудың Жол картасы, онда біз басқа мемлекеттік органдармен бірлесіп шешілуі тиіс мәселелерді қоямыз. Мысалы, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен бірлесіп біз органикалық өнім мәселелері бойынша аккредиттеу және сертификаттау мәселелерін шешуге тиіспіз, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігімен бірлесіп халал өнімдері мәселесін шешетін боламыз. Мысалы, біз мұсылман елдеріне экспорт көлемін арттыру міндетін қойып отырмыз», — деді ауыл шаруашылығы вице-министрі.

Бұл орайда Г. Исаева атап өткендей, мұсылман нарықтарына экспорт өнімдердің әр партиясын «халал» талаптарына сәйкестігіне сертификаттау жүргізілген жағдайда ғана мүмкін болады. Бұл нарықтың ерекшеліктерін ескеру қажет, өйткені қазақстандық кәсіпорындардың басым бөлігі малайзиялық «халал» стандартының сертификаттарына ие. Бүгінгі таңда түрлі елдерде стандарттардың түрлі талаптары бар, осы Жол картасы барлық сәйкессіздіктерді ескеруге мүмкіндік береді.

«БАӘ нарығында өздерінің стандарт талаптары бар екенін білеміз, сондықтан да Жол картасы барлық жағдайды көрсетіп тұрады. Оны іске асыру және карта аясында фермерлерге жоспарланған көмек бізге экспорт көлемін ұлғайтып, ең бастысы, фермерлерге өз өнімдерін премиум санатының өнімі ретінде жоғары бағаға сатуға жол ашады деп ойлаймын», — деп түйіндеді Г. Исаева.

www.primeminister.kz

Мұрағат

Сәуір
2019
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту