Қазғарыш делегациясының Біріккен Араб Әмірліктеріне жұмыс сапары аясында, Қазақтан Республикасы Қазғарыш ұлттық агенттігінің төрағасы Талғат Мұсабаев Король Абдел Азиз атындағы ғылыми-техникалық қаласының президенті Мұхаммед бен Ибрагим әл-Суэйлмен кездесті.
Келіссөздердің қорытындысы бойынша, тараптар Қазақстан Республикасы Қазғарыш ұлттық агенттігі мен Біріккен Араб Әмірліктері Абдел Азиз Король атындағы ғылыми-техникалық қаланың арасында ғарыш кеңістігін бейбіт мақсатта зерттеу мен пайдалануда ынтымақтастық орнату туралы келісімге қол қойды.
ҚР ҚҰА төрағасы Талғат Мұсабаев келісімге қол қойылу рәсімінің салтанатынан кейін, Қазақстан ғарыш саласын зерттеу және ғарыш саласында араб мемлекеттерімен өзара іс-қимыл орнатуға үлкен көңіл бөлетінін атап өтті.
Өз кезегінде ғылыми-техникалық қаланың президенті Мұхаммед бен Ибрагим әл-Суэйль араб ғалымдары жетекші ғарыш мемлекеттерімен халықаралық ынтымақтастықты орнатып жатқандығын жеткізді. Енді бұл қатарға Қазақстан да қосылып отыр.

ҚазАқпарат

ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов екі күндік жұмыс сапарымен Француз Республикасына жұмыс сапарымен аттанды.
К.Мәсімов Парижде Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) тұрақты кеңесі отырысына қатысады және бірқатар жұмыс бабындағы кездесулер өткізеді.
Ағымдағы жылдың маусым айында Францияға жасаған сапарының аясында К.Мәсімов ЭЫДҰ Бас хатшысы Анхел Гурриамен кездесіп, Қазақстанның Ұйымға мүше болу ниетін жария еткен еді.
ЭЫДҰ әлемнің ең дамыған 34 елінің басын қосатын ұйым, олардың қатарында Ұлыбритания, Канада, Швейцария, АҚШ және басқа елдер бар. Әлемдік жалпы ішкі өнімнің 60%-ы Ұйымға мүше елдердің үлесіне тиесілі.

ҚазАқпарат

2014 жылдың соңына дейін еліміздің елді мекендерінің 95 пайызы цифрлы эфирлік телеарнамен қамтамасыз етіледі.
Бұл туралы Астанада өтіп жатқан Еуропалық және Азиялық медиафорум барысында Байланыс және ақпарат министрі Асқар Жұмағалиев мәлім етті.
Оның сөзіне қарағанда, 2015 жылы еліміз толықтай цифрлы телеарнаға көшуі керек. «Осы ретте біз алғашқы қадамды жасап та үлгердік. Спутниктік цифрлы телеарнаны іске қостық. Ол республиканың барлық аймағын қамтуға мүмкіндік береді. Ал цифрлы эфирлік телеарнаға келетін болсақ, біз бұл жобаны жүзеге асыруға жақындап қалдық. Енді екі айдан соң біз Астана, Алматы мен Қарағанды мен Жезқазған қалаларын цифрлы телеарнамен қамтамасыз етеміз. Бұдан соң біз аталмыш жүйемен еліміздің барлық аймақтарын қамтуға кірісеміз»,-деді министр.
Цифрлы телеарна барынша таза, сапалы белгі алып, ең бастысы, бүгін бізге қажетті телеарналардың барлығын көруге мүмкіндік береді. «Біз бүгінде жиілік русурстары толық қамтылмаған уақытта өмір сүріп жатырмыз. Яғни бұл толқындар еліміздің тұрғындарын қажеттіліктермен толық қамтамасыз ете алмай отыр. Сондықтан біз бұл бағыттағы жмыстары жалғастыра береміз»,-деді А.Жұмағалиев.

ҚазАқпарат

 Қазақстанның Сыртқы істер министрі Ержан Қазыхановтың Ресейге жасаған бірінші ресми сапарының барысында ҚР мен РФ арасында ынтымақтастық жөніндегі 2012 жылға арналған іс-шаралар жоспарына қол қойылды.
«Бұл маңызды құжатты жүзеге асыру біздің мемлекеттер арасында сыртқы саясат саласындағы өзара тығыз іс-қимылды тереңдетуге одан әрі жол ашады», - деп мәлімдеді РФ СІМ Сергей Лавров кездесу қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында.
«Біз РФ мен ҚР арасындағы 2011-2012 жылдарға арналған өзара бірлескен іс-қимыл жоспарында көрсетілген міндеттерді жүзеге асыру мәселелерін, сондай-ақ мемлекет басшыларының биылғы жылдың қыркүйек айындағы кездесуінде қол жеткізген уағдаластықтарды орындау барысын талқыладық. Орталық Азия, Ауғанстан және оның айналасындағы жағдайды дамыту мәселелері ортаға салынды»,- деді С.Лавров.
Өз кезегінде Е.Қазыханов болып өткен келіссөздер өте мазмұнды әрі нәтижелі болғанын атап өтті. «Қазақстан мен Ресей негізгі халықаралық мәселелер бойынша үнемі жақын ұстанымды жақтайды. Мемлекеттердің аймақтағы және әлемдегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету ісінде де ойлары бір жерден шығады», - дейді ҚР СІМ басшысы.
Болып өткен келіссөздер барысында екіжақты ынтымақтастықтың кең спектрі талқыланды. Диалог ортасында 18 қарашада ықпалдастық үрдістерінің болашағы жөнінде Қазақстан, Ресей, Беларус елдері президенттерінің арасында өткен кездесу қорытындысында қабылданған шешімдер талқыланды.
СІМ-нің басшылары мемлекеттердің жан-жақты ынтымақтастықты тереңдететінін жалғастыратынына және көршілердің қарым-қатынасының әріптестік және одақтастық рухында дамуына көмектесетініне сенім білдірді.

ҚазАқпарат

ҚР Көлік және коммуникация министрі Берік Камалиев 18 қарашада «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» жобасын іске асыру барысы туралы селекторлық кеңес өткізді.
Министрліктің автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Замир Сағынов, сондай-ақ автомобиль жолдары комитетінің Ақтөбе, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Алматы облыстары департаменттерінің директорлары жобаның ағымдағы іске асыру барысы туралы ақпарат берді.
Сонымен қатар, селекторлық кеңесте өңірлік департаменттердің басшылары жер учаскелерін сатып алу жұмыстарын жүргізу барысы жайлы хабардар етті.
Селекторлық кеңестің қорытындысы бойынша Б. Камалиев автомобиль жолдары комитетінің облыстық департаменттері басшыларына: Ақтөбе және Жамбыл облыс департаменттеріне ағымдағы жылғы 1 желтоқсанға дейін және Қызылорда мен Жамбыл облыс департаменттеріне 15 желтоқсанға дейін автомобиль жолдары комитетіне жолды аяқтау сертификаттарын ұсыну; ағымдағы жылғы 15 желтоқсанға дейін барлық жұмыстарды аяқтап, ағымдағы жылдың қорытындысын шығару; тиянақтау жоспарына сәйкес құралдардың толық игерілуін қамтамасыз ету; қадағалауды қатайту және жұмысты орындау кестесін бұзған мердігерлік компанияларға уақытылы жазалау шараларын қабылдау жайлы тапсырмалар берді. Көлік ведомствосының басшысы мердігерлік компаниялар басшыларына 2011 жылғы жоспардың орындалуын толық қамтамасыз ету, сондай-ақ, орнатылған мерзімдерге сәйкес сертификаттарды уақытылы қарауға ұсынуды жүктеді.

ҚазАқпарат

Қарашаның 21-і күні Мәскеуде Қазақстан және Ресей сыртқы саясат ведомстволары басшыларының кездесуі өтіп жатыр.
РФ СІМ басшысы Сергей Лавров атап өткендей, Қазақстан және Ресей президенттері арасында жасалған екіжақты қарым-қатынастардағы ықпалдастық үрдерістерді дамытуда қол жеткізген нәтижелер бізді бұдан да өнімді және жемісті жұмыс жасауға міндеттейді.
Өз кезегінде ҚР СІМ-нің басшысы Ержан Қазыханов ресей тарапына шақырып, жылы жүзді қарсы алғаны үшін алғысын білдірді.
«Бұл менің Қазақстанның сыртқы істер министрі ретінде Ресейге алғашқы сапарым. Бұл сапар өзекті мәсеелерді талқылап, халықаралық проблемалар бойынша пікір алысуға жақсы мүмкіндік береді деп ойлаймын», - деді Е.Қазыханов.
«Мен сізбен толық келісемін. Бұдан үш күн бұрын Қазақстан, Беларус, Ресей президенттерінің өте маңызды кездесуі өтті, тиісті құжаттарға қол қойылды, - деп атап өтті ҚР СІМ басшысы. - Бұл біздің елдеріміз үлкен ықпалдастыққа қарай бағыт алып, алға жылжып келе жатқанымызды көрсетеді. Мен Ресеймен одақтастық қатынастарымызды жоғары бағалайтынымызды атап көрсеткім келеді».
Ол сондай-ақ «Единая Россия» партиясына осы жылғы желтоқсанда өтетін алдағы Мемлекеттік Думаға сайлауда табыстарға жетуіне тілектестігін білдірді.

ҚазАқпарат

ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Украинаның ҚР-дағы Төтенше және өкілетті елшісі Олег Деминмен кездесті.
Әңігіме барысында тараптар сауда-экономикалық саладағы кең аумақты екі жақты қарым-қатынас мәселелерін талқылады.

ҚазАқпарат

ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Республикалық бюджеттік комиссиясының отырысын өткізді.
РБК отырысының барысында «2012-2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңының жүзеге асуы туралы Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы қаралды.

ҚазАқпарат

Еліміздің Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Грузияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Паата Каландадзені қабылдады.
Кездесу барысында сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды.
Екі елдің арасындағы өзара сауда-саттық былтырғы жылмен салыстырғанда 26,1 пайызға өсті. 2011 жылдың 9 айында Қазақстан мен Грузияның арасындағы тауар айналымы 68,6 млн. АҚШ долларын құрады (оның ішінде, экспорт - 49,2 млн. доллар, импорт - 19,4 млн. доллар).

www.pm.kz

Биылғы жылдан бастап Қазақстанда техникалық және кәсіптік білім беру («ПжКБ») жүйесін басқарудың жаңа үлгісі енгізілді.
Бұл туралы қарашаның 18-і күні Астанада өткен «Кәсіптік білім беру және бизнес: Әріптестер сұхбаты» атты үшінші халықаралық форум барысында журналистерге берген сұхбатында ҚР Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов мәлім етті.
«Егер бұрын жұмыс берушілер мен өнеркәсіптік кәсіпорындар өз беттерімен болса, бүгін біз тек білім беру жүйесіндегі емес, өнеркәсіптік кәсіпорындардың және жұмыс берушілердің күш-жігерін біріктіріп отырмыз. Осы үш құрамдастың күш-жігерін біріктіріп отырып қана қандайда бір нәтиже туралы айтуға болады», - деді ол.
Министр атап көрсеткендей, қазір әрбір облыста құрамына әкімдіктердің, облыстық білім басқармаларының, жұмыс берушілер мен өнеркәсіптік кәсіпорындардың өкілдері енген өңірлік кеңестер құрылды. «Яғни бүгін жұмыс беруші өзіне қажетті мамандарды даярлауға мүдделі», - деді Б.Жұмағұлов.
Онымен бірге Қазақстанда ҚР Премъер-Министрі Кәрім Мәсімов төрағалық ететін «ПжКБ» жүйесі жөніндегі Ұлттық кеңес құрылып, жұмыс істеуде.
Министрдің айтуынша, бүгін отандық нарықта ІТ технология, мұнай-газ секторы, тау-кен металлургия салаларының мамандары, сондай-ақ дәнекерлеушілер, краншылар, құрылысшылар, сантехниктер керек.

ҚазАқпарат

Мұрағат

Сәуір
2019
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту