Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова Литва Республикасының Білім министрі Гинтарас Стяпонавичюс бастаған делегациямен кездесіп, медициналық білім саласындағы ынтымақтастық, қазақстандық студенттерді Литваның жоғары оқу орындарында оқыту мәселелерін талқылады.
Кездесу барысында Қазақстанның тәуелсіздік жылдары денсаулық сақтау саласында елеулі нәтижелерге қол жеткізгені атап көрсетілді. 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру медициналық қызмет көрсетудің шығыны аз түріне ауысуға, саланың профилактикалық бағытын қамтамасыз етуге, медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыру арқылы денсаулық сақтау жүйесін серпінді дамытуға жағдай жасайды.
«Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында арнаулы әлеуметтік қызметтер енгізілуде, тұрғындарды өз денсаулығын сақтауға ынталандыруға, медициналық қызметкерлердің кәсіби және тұлғалық жағынан өсуіне, денсаулық сақтау жүйесін қазіргі заман талаптарына және нарықтық жағдайларға бейімдеуге мүмкіндік береді.
Мемлекеттік бағдарламаның негізгі бағыттарының бірі медициналық, фармацевтикалық білім беруді, медицинадағы инновациялық технологияларды дамыту және енгізу болып табылады.
Қазақстандық медицина мамандарының біліктілігін көтеру бағытында нақты жұмыстар атқарылып, шетелдік орталықтарға жіберілуде. Литваның жетекші медициналық ұйымдары мен емханалары базасында мамандардың біліктіліктерін арттыруда оң серпін байқалады. 2007-2009 жылдары Каунас медициналық университетінде 200-ге тарта маман білім алса, 2010 жылы кардиология, анестезиология, реаниматология, акушерлік-гинекология және неонатологии саласының 69 маманы Литваның денсаулық ғылымы университетінде біліп алып қайтты.
Ағымдағы жылы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі отандық мамандарды Литваның ана және бала денсаулығын қорғау мәселелері жөніндегі дағдарыстарды зерттеу орталығына жіберуді жоспарлап отыр.
Кездесу қорытындысында денсаулық сақтау саласындағы екі жақты ынтымақтастықты нығайту, атап айтқанда мамандардың біліктілігін арттыру, медициналық білім беруде қазіргі заманғы стандарттарды енгізу, сонымен қатар фармацевтикалық секторды дамыту мақсатында Қазақстанда қазіргі медициналық орталық базасында бірлескен жұмыс органын құру жөнінде келісімге келді.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі

ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Байланыс және ақпарат министрі Асқар Жұмағалиевпен кездесті.
Кездесудің күн тәртібі бойынша ауылдық өңірлерді телефондандыру және ұялы байланысты пайдалану мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, жүздесу барысында депутаттар Байланыс және ақпарат министрлігінің қызметіне қатысты жан-жақты мәліметтер алып, өздері көтерген сауалдарына толыққанды жауаптар алды.
«Ақпараттық кеңістікке қатысты мәселелердің маңыздылығына тоқтала келе, Мемлекет басшысы Н. Назарбаев жақында БҰҰ Бас Ассамблеясының сессиясында жаһандық ақпараттық кеңістікке қатысты халықаралық құқықтық базаны қалыптастырудың қажеттілігін айтқан болатын. Ал еліміздегі бұл саланың дамуына келетін болсақ, сектор қызметін реттеуге қатысты бірқатар заңдар қабылданды. Ондай заңдық құжаттардың баршасы ақпараттық саладағы заманауи инфрақұрылымдарды дамытуға бағытталады. Бұдан бөлек, ағымдағы жазда қабылданған тағы бір заңнамаға сәйкес, Халыққа қызмет көрсету орталықтарының функциялары Байланыс және ақпарат министрлігіне берілді. Ал бүгінгі күні осы мәселемен айналысатын комитеттің қарамағына 548 халыққа қызмет көрсету орталықтары беріліп отыр», - деді жиынды кіріспе сөзбен ашқан Экономикалық және өңірлік саясат комитетінің төрайымы Нұрлығайым Жолдасбаева.
Кездесу барысында Байланыс және ақпарат министрі А. Жұмағалиев сенаторлар алдында ведомствоның алдағы уақыттағы даму жоспарлары туралы баяндама жасап, министрлік қызметіндегі телерадио тарату, сандық теледидарға көшу, «э-Үкіметті» дамыту шараларына кеңінен тоқталды. Оның ішінде ауылдық жерлердегі байланыс сапасын жақсарта түсу туралы жан-жақты баяндалды. «Қазақтелеком» АҚ-нда енгізіліп жатқан жаңа жобалар туралы да әңгіме өрбіді.

ҚазАқпарат

ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов еліміздің Тәуелсіздік жылдарындағы қол жеткізген жетістіктеріне көз жүгіртіп, ой елегінен өткізіпті.
«15 қарашада ұлттық валютамыз - Теңге айналымға енді. Оны айналымға енгізуге әзірлік жұмыстары, ТМД бойынша серіктестермен келіссөздер бірнеше айға созылды. Өз ұлттық валютамызға қол жеткізуіміз маңызды мәселе болып табылады.
Әл-ауқаттылық кез-келген отбасының мүмкіндігін кеңейте түсетін сияқты, өз валютасы бар мемлекет те өз тағдырын өзі анықтау мүмкіндігіне ие болады, дербестігі мен жауапкершілігі артады. Ал ұлттық валютаға көпшіліктің бүгінде есінде қала қоймаған ескі атау - теңге атауының берілуі көне атауды жаңғыртудың, ұлттық тарихымызды жандандырудың белгісі іспетті.
Теңге - көне сөз, осыдан жүздеген жылдар бұрын Қазақ жерінде қолданыста болған мемлекеттің ақшасы солай аталған. Осыған орай, бұл көне сөзді айналымға енгізу - өткен тарихымызды танудың тағы бір символы болды.
Егемендікке қол жеткізген жиырма жылда өз өміріңізде қандай өзгерістер орын алғаны жайлы, ауылыңызда, қалаңызда 1993 жылы қандай қызықты оқиға болғаны туралы, тәуелсіздіктің сіздің жеке басыңызға қалай әсер еткені туралы жазыңыздар. Жоба аяқталған соң, үздік пікір білдіргендерге кәде-сый дайын, - деп жазды Үкімет басшысы http://www.facebook.com/KMassimov сайтында.

«Тәуелсіздік туралы 20 дерек» жобасымен кеңірек Facebook, ВКонтакте әлеуметтік желілерінде және Премьер-Министрдің http://pm.kz/20 ресми сайтында оқып таныса аласыздар.

ҚазАқпарат

Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешевтің айтуынша, бүгінгі Қазақстанның геология жүйесінде шешімін күткен мәселелер жетерлік. Бұл туралы министр бүгін геология саласын дамытуға қатысты өткен дөңгелек үстел отырысында мәлім етті.
Бұл мәселеде барлық бағыттар бойынша тиісті шешім қабылдау қажет және бұл шешімдер геология саласын бүгінгі дағдарыстан шығаратындай болғаны жөн. «Бүгінде бұл проблемалар негізінен минералды шикізат базасының жағдайымен, геология саласының инфрақұрылымымен, геология саласын реттейтін заңнамалармен байланысты. Сондай-ақ кадр мәселесі де осы салада біршама қиындықтар тудырып отырған жайы бар»,-деді министр.
Еліміздегі қатты, пайдалы қазбалардың 80 пайызы жер қойнауын пайдаланушыларға берілді. Сонымен қатар гелология саласы бойынша осы уақытқа дейін сақталып келген қордың басым бөлігі нарық жағдайында бәсекеге қабілетсіз болып шықты. Нәтижесінде қордың өсу қарқыны бәсеңсіді. «Өкінішке орай, қазір Геология комитетінде осы мәліметтерді тексерудің нормативті-әдістемелік және ұйымдастырушылық процедуралары жасалмаған. Біз жер қойнауын пайдаланушылардан тиісті мәліметтерді алғанымызбен олардың анық-қанығына тексеру жүргізе алмай отырмыз. Осы үрдіс жалғаса беретін болса Қазақстанның шикізат базасы бойынша, алдағы 15-20 жылда күрделі мәселелер туындауы мүмкін»,-деді Ә.Исекешев.
Сондай-ақ оның сөзінше, елімізде минералды-шикізат базасын дамыту бағдарламасы 2003 жылдан бері жүзеге асырылып келеді және осы құжат аясында геология саласына ондаған миллиард теңге бөлінді. «Соған қарамастан біз жоспарлаған нәтижеге жете алмай отырмыз. Сондықтан бізге қазір геология саласы бойынша елде бар қорларға ревизия жүргізу керек. Сондай-ақ түрлі-түсті металлдар бойынша мәліметтерге екпін сала отырып, ресурстық базаның басым бағыттарын қайта қарау керек. Бұдан соң осы саланың ғалымдарымен, қоғам өкілдерімен келісе отырып, минералды шикізат базасын дамыту бағдарламасына өзгерістер енгізсек деген ойдамыз»,-дейді министр.
«Геологияға экономиканың толыққанды саласы ретінде қарау керек», деді Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев.
Геологтар бұл мәселені осыған дейін де бірнеше мәрте көтергенімен мемлекет геологиялық барлау жұмыстары мен осы салаға инвестиция тарту мәселесіне жеткілікті деңгейде көңіл бөлмей келді. «Сондықтан бұл салаға қосымша сала ретінде емес, экономиканың толыққанды саласы ретінде қарау керек деген ойдамыз. Сондықтан біз қазір геология саласын реттеуге бағытталған заңнамаларды жетілдіруге дайынбыз»,-деді министр.
Оның пікірінше, «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» қолданыстағы заң мен «Салық туралы» заңға геологиялық барлау жұмыстарын жүргізуге ықпал ететін өзгерістер енгізу керек. «Осындай заңнамалық қолдау жер қойнауын пайдаланушылар мен инвесторларды барлау жұмыстарына тартып, осы салада шағын және орта бизнес нысандарының пайда болуына мүмкіндік береді»,-деді Ә.Исекешев.

 ҚазАқпарат

 Астанада Сыртқы істер министрі Ержан Қазыханов Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Бас хатшысы Тайыр Мансұровпен кездесу өткізді.
Кездесу барысында тараптар Еуразиялық экономикалық қоғамдастық, Кеден Одағы және Біртұтас экономикалық Кеңістіктің кендігі аясында ықпалдастықтың әрі қарай дамуы бойынша өзекті мәселелер талқылады.
Содаң соң, Сыртқы істер министрі Нәзір Төрекұлов атындағы медальмен Бас хатшыны марапаттады.

ҚазАқпарат

ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Еуропалық Одақтың Энергетика мәселелері жөніндегі комиссары Г.Оттингермен кездесті.
«Еуропалық Одақтың Энергетика мәселелері жөніндегі комиссары Г.Оттингермен кездестім», - деп жазған К,Мәсімов өзінің Twitter-дегі парақшасына.
Естеріңізге сала кетейік, Гюнтер Оттингер бүгін Астанада ашылып жатқан VI KAZENERGI Еуразиялық форумына қатысады.
Толық ақпаратты мына жерден оқи аласыздар: http://pm.kz, сондай-ақ www.facebook.com:80/KMassimov және http://vkontakte.ru/kmassimov.

ҚазАқпарат

Тәуелсіздік алғаннан бері Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев республикада қолайлы инвестициялық климат құруға ерекше назар аударып келеді. 1991 жылдан бастап Қазақстан түбегейлі әлеуметтік-экономикалық реформалар жүргізуге, ашық нарықтық экономиканы құруға, бизнес жүргізуге қолайлы жағдай жасауға және тікелей шетел инвестицияларын тартуға кірісті, алдымен мұнай-газ саласынан бастады. «Kazenergy» IV Еуразиялық форумы Қазақстанның тәуелсіздік алған жылдары энергетика саласындағы жетістіктерін паш етеді.
Астанада 4-5 қазан күндері Қазақстанның экономикалық даму қорытындылары, соның ішінде республиканың энергетика саласындағы жетістіктері сөз болатын «Қазақстан: 20 жыл өркенді даму, жаңа инвестициялық жобалар және мызғымас әріптестік» VI Еуразиялық Форумы өтеді. «Kazenergy» форумы 40-тан астам елдің бизнес, билік және халықаралық сарапшылары бас қосып отырған диалог алаңы.
Кәрім Мәсімов, «индустрия Қазақстанның қарқынды дамуында әрқашан негізгі роль атқарды. Шетелдік энергетикалық компаниялар Қазақстанның алғашқы ірі инвесторлары болды және солай болып қалып отыр. Сондықтан да біз шетелдік серіктестеріміздің қосып отырған үлестеріне айрықша мән береміз, олардың біразы бүгін форумға қатысып отыр», деп атап көрсетті.
Кәрім Мәсімов өз сөзінде жаһандық қаржы дағдарысының экономикалық өсуге тигізіп отырған әсеріне тоқталды.К.Мәсімовтің пікірінше, «экономикалық өсудің баяулауы, АҚШ-тағы қаржылық жағдайдың нашарлауы мен Еуропадағы қарыз дағдарысының ушығуы сенімді бұзды және рецессия тәуекелін жандандырды... Инвесторлар үкіметтердің табанды саяси іс-қимылдарға қолдау алу қабілеттеріне күмәнді», - деді ол.
Қомақты инвестициялық капиталдарды пайдаланып отырған индустрия үшін де бұл ауыр күйзеліс. Осыған байланысты, Қазақстан Үкіметі инвестициялар тартуда және оларды сақтап қалуда белсенділік танытуы тиіс», деді Премьер-Министр.
Үкіметтің жұмысы бизнес-климатты жақсартуға, энергетикалық өнеркәсіптің дамуына көмектесуге және тәуекелдерді өз мойнына алуға, сондай-ақ ортақ құндылықтар жасап, даму үдерісінде табыстарға қол жеткізуге бағытталады.

«Қазақстан адамзат капиталын дамытуға, инфрақұрылымды құруға және жаңа технологиялар енгізуге үлкен капитал салуда. Үкімет пен индустриялық компаниялардың жемісті жұмысы болашаққа сенімді жоспар құруға мүмкіндік береді», - деп мәлімдеді Премьер-Министр.
Энергетикалық қауіпсіздік пен экологиялық орнықтылық ығыттары бірлескен іс-әрекеттерді талап етеді.
«Климаттың өзгеруі бізге үлкен қауіп төндіруде. Энергетикалық қауіпсіздік пен экологиялық орнықтылық ығыттарының энергетикалық ландшафтты өзгертетіні сөзсіз. Және бұл ығыттарды еңсеруге жаһан болып жұмылуымыз керек», - деді Кәрім Мәсімов.
Премьер-Министрдің пікірінше, Қазақстан «бұл проблемалардың ортақ шешімін табуға талпынуда». Бұл жерде Қазақстанның экологиялық орнықты өсу мен дамуды ілгерілетуге деген әзірлігі туралы сөз болып отыр. Еліміз экономиканың энергетикалы қтиімділігін жақсарту жөніндегі технологиялар ұсынуда. Тамыз айындаҮкімет өнеркәсіптің энергия қамтымын 2015 жылға қарай 10%, онжылдықтың соңынақарай 25% азайтуды мақсат еткен «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігітуралы» Заң қабылдады.
Республика сондай-ақ, атом энергиясындамытудаалғашқықадамдаржасауда. Маусым айындаҮкімет Қазақстандағы бірінші ядролық кәсіпорынның құрылысын қарастырған атом энергетикасын дамыту бағдарламасын мақұлдады.
«Қазақстанда атом энергиясының болашағы зор екендігіне сенімдімін... Шығыс пен Батысты байланыстырып отырған сенімді энергетикалық серіктестік ретінде Қазақстан әлемдік энергетикалық қауіпсіздікте маңызды роль ойнайды. Біз энергия ресурстарын тасымалдау бағдарларын әртараптандыруды жалғастырудамыз», - деп атап көрсетті К.Мәсімов.
Кәрім Мәсімов КТК мұнай құбырын кеңейтудің бірінші кезеңі басталғанын хабарлады. Бұл шара құбырдың өткізу мүмкіндігін 40 миллионнан астам тоннаға арттырады. Сондай-ақұзындығы 1500 шақырым Бейнеу-Бозой-Шымкент газ құбырының құрылысы басталды. Бұл құбыр БатысҚазақстанның газ кеніштерін елдің оңтүстік өңірінің тұтынушыларымен байланыстырады. Соңында бұл құбыр Қытай-Орталық Азия газ құбырымен түйіседі.
«Қазақстан тұрмыс деңгейін жақсартудағы және экономикалық дамуды күшейтудегі энергетикалық сектордың маңызды ролін түсінеді. Қазіргі таңда өнеркәсіп бұрын-соңды болмаған ығыттарға кездесіп отыр. Дегенмен, Үкімет пен бизнес және қоғам біркомандада жұмыс істеп, ХХІ ғасырдың ығыттарына қарсы тұра алатынына сенемін», - деп түйіндеді сөзін Премьер-Министр.

www.pm.kz

«Қашаған» мұнай-газ кен орнының екінші кезеңін жүзеге асыру бойынша мәселенің екіұштылығы әзірге сақталып отыр.
Бұл туралы қазанның 4-і күні Астанадағы Тәуелсіздік сарайында VI KAZENERGI Еуразиялық форумында сөйлеген сөзінде ҚР Мұнай және газ министрі Сауат Мыңбаев мәлім етті.
«Ия, әзірге келесі «екінші» фаза бойынша мәселенің екіұштылығы сақталып отыр»,-деді министр. С. Мыңбаевтың пайымдауынша, мердігер компаниялардың, өкілетті органның тығыз іс-қимылы нәтижесінде, сондай-ақ ұсынылған шешімдердің үздік әлемдік тәжірибенің стандарттарына сәйкес келген жағдайда, өзара мүдделерді ескере келе бұл жоба бұдан да табысты болуы мүмкін.
Ведомство басшының сөзіне қарағанда, аталған жобада коммерциялық өндірудің бастапқы мерзімі бұрынғы кезеңінде сақталуда, яғни ол 2012 жылғы желтоқсан мен 2013 жылғы маусым аралығы.

ҚазАқпарат

ҚР Үкіметінің басшысы Кәрім Мәсімов Эксон Мобилдің аға вице-президенті Марк У.Альберсті қабылдады.
«Эксон Мобилдің аға вице-президенті Марк У.Альберсті қабылдадым», деп жазған К.Мәсімов өзінің Twitter-дегі парақшасында.
Толық ақпаратты мына жерден оқи аласыздар: http://pm.kz, сондай-ақ www.facebook.com:80/KMassimov және http://vkontakte.ru/kmassimov.

ҚазАқпарат

 ҚР Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов Шевронның Еуразиялық бөлімінің басқарушы директоры Скотт Дэвисті қабылдады.
"Шевронның Еуразиялық бөлімінің басқарушы директоры Скотт Дэвисті қабылдадым», - деп жазған ҚР Үкімет басшысы өзінің Twitter-дегі парақшасына.
Толық ақпаратты мына жерден оқисыздар: http://pm.kz, сондай-ақ www.facebook.com:80/KMassimov және http://vkontakte.ru/kmassimov.

ҚазАқпарат

Мұрағат

Мамыр
2019
ДсСсСрБсЖмСнЖк
12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту