ҚР Үкіметінің отырысы кезінде инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек көлік саласында жүзеге асырылып жатқан жобалар туралы баяндады.

Министрдің ақпаратынша, «Нұрлы жол» мемлекеттік инфрақұрылымды дамыту бағдарламасы аясында 2015–2019 жылдарға 17 жобаның жүзеге асырылуы қарастырылған, оның ішінде 16-сы – көлік саласында және 1-уі – несиелік тұрғын үй мен үлестік салымдарды қорғау бойынша.

«Бұл жобаларды жүзеге асыруға 2016 жылы 349,7 млрд теңге бөлінген, оның ішінде бүгінгі таңда 64% – 222,7 млрд теңгесі игерілді. Автокөлік жобаларының бюджеті 329,7 млрд теңгені құрайды, оның ішінде 202,7 млрд теңгесі (61%) қаржыландыру жоспарына сәйкес игерілген», – деп хабарлады Ж.Қасымбек.

Ол жыл соңына дейін барлық қаражаттың толық игерілетініне сендірді.

Оның мәліметінше, бүгінде 756 шақырым (жоспардан 82%) асфальт-бетонды төсем жабылды.

«Батыс Еуропа-Батыс Қытай» жобасы жүзеге асырыла бастаған сәттен бастап 2 028 шақырым жол жұмыстары аяқталған, Шымкент – РФ шекарасы (Орынборға) және Тараз – Алматы учаскелерінде жол қозғалысы ашылған.

Сонымен қатар «Орталық–Оңтүстік» (Астана – Алматы) жобасы бойынша Астана – Теміртау учаскесінің 12 шақырымы және Алматы – Қапшағай учаскесінің 72 шақырымы, «Орталық-Шығыс» (Астана – Өскемен) жобасы бойынша Астана – Павлодар учаскесінің 47 шақырымы және Павлодар – Семей – Қалбатау учаскесінің 171 шақырымы пайдалануға берілді

Сондай-ақ «Орталық-Батыс» (Астана – Ақтөбе – Атырау – Ақтау) жобасы бойынша Бейнеу-Ақтау учаскесінің 200 шақырымында жол қозғалысы ашылды. Алматы-Өскемен тас жолында Қапшағай-Талдықорған учаскесінде 53 шақырым пайдалануға берілді.

Министр хабарлағандай, Петропавл-РФ шекарасы (68 шақырым) учаскесін 2017 жылдан бастап реконструкциялау жоспарланып отыр. Жоба 2020 жылы толық аяқталады.

«Жетібай-Жаңаөзен, Үшарал-Достық, Астананың Оңтүстік-Батыстан айналма жобалары займдар есебінен жүзеге асырылатын болады. Оны 2017 жылдан жүзеге асыру жоспарланып отыр», – деп қосты ҚР ИДМ.

Министр атап өткендей, Алматы-Өскемен тас жолын қоса алғанда, аталған жобалар Алакөл және Кендірлі курорттық аймақтарында туризмнің дамуына серпін беретін болады.

«Қызылорда-Жезқазған-Қарағанды жобасы бойынша инвестицияларды тарту жұмыстары жүргізіліп жатыр», – деп түйіндеді министр.

www.primeminister.kz

Жарияланды: 05 қазан 2016

Мұрағат

Қазан
2016
ДсСсСрБсЖмСнЖк
12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту