ҚР Ұлттық экономика министрлігі 2019 жылға дейін алкоголь және темекі өнімдеріне акциздік салықты кезең-кезеңмен көтеруді ұсынады. Бұл туралы ҚР Үкіметі отырысы кезінде ведомство басшысы Қуандық Бишімбаев айтты.

«Алкоголь және темекі өнімдеріне акциздердің фискалдық функциясын күшейту үшін оның мөлшерлемесін кезең-кезеңімен ұлғайту қажет. Қазіргі қолданыстағы Салық кодексінде акциздік салық мөлшерлемелерінің өлшемі 2014-2016 жылдарға ғана белгiленген, ал 2017-2019 жылдарға белгiленбеген», - деді Қ.Бишімбаев.

Министр алкогольдік өнімнің 1 литрі үшін: 2017 жылы – 2000 теңге, 2019 жылы – 2 550 теңгеге дейін акциздік мөлшерлемені белгілеу ұсынылып отырғанын жеткізді. Ал сыра және сыра сусындарының 1 литрі үшін мұндай мөлшерлеме 2017 жылы 39 теңге болып, 2019 жылы 57 теңгеге дейін өспек. Темекі өнімдерінің 1000 данасы ол үшін 2017 жылы 6200 теңге болса, 2019 жылы 8700 теңгеге дейін өсетін болады.

«Сонымен қатар алкоголь өнімдерін экспорттау кезінде қосарланған салық салуды болдырмау және отандық өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін этил спирті акцизінің нөлдік мөлшерлемесін белгілеу ұсынылады», - деді министр.

www.primeminister.kz

Жарияланды: 05 қазан 2016

Мұрағат

Қазан
2016
ДсСсСрБсЖмСнЖк
12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту