ҚР Үкіметі отырысында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев аймақтар әкімдерінің «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында бөлінген қаражатты игеру бойынша есептерін тыңдады.

Облыс әкімдерінің есептерінің нәтижелері бойынша Премьер-Министр аймақтарға жұмыс барысын жылдамдатып, қайта жүйелеуді тапсырды. Ол ТКШ мәселелеріне ерекше тоқталды.

«Екі жыл ішінде небәрі 385 шақырым жолға қайта жөндеу жүргізгенбіз! Жоспарға сәйкес қалған бір жыл ішінде тағы 1 100 шақырымды жөндеуге тиіспіз. Біз үлгереміз бе? Осыған байланысты бұл мәселелердің бақылауға алынуын тапсырамын. Асқар Ұзақбайұлы, кейін біз жайсыз жағдайға тап болмас үшін облыстар бойынша қай өңірде көбірек проблема туындап отырғанын қадағалаңыз», - деп тапсырды Б.Сағынтаев Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Асқар Маминге.

Сонымен қатар Премьер-Министр әкімдерге аталған мәселелерге зор көңіл бөлуді тапсырды.

«Мен жаңа Атырау облысының әкімі Нұрлан Асқарұлына ЖҚЖК-2020 аясында инфрақұрылым жүргізу үшін мол қаражат бөлініп жатқаны туралы жайдан-жай айтқан жоқпын. Бұл шағын және орта бизнес үшін үлкен қолдау. Егер инфрақұрылым жүргізілсе, шығарылатын өнімнің өзіндік құнын төмендету керек т.с.с. Сондықтан біз жұмысымызды жылдамдатып, қазір жүргізіліп жатқан жұмыстар барысын қайта қарастыруымыз керек», – деп түйіндеді Б. Сағынтаев.

www.primeminister.kz

Жарияланды: 05 қазан 2016

Мұрағат

Қазан
2016
ДсСсСрБсЖмСнЖк
12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту