ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Үкімет отырысында ҚР Ішкі істер министрлігіне осы жылдың 1 желтоқсанына дейін алдағы үш жылға арналған қылмыстың алдын алудың кешенді жоспарын әзірлеуді тапсырды.

«ҚР Ішкі істер министрлігіне барлық мемлекеттік және жергілікті органдармен бірлесе отырып, осы жылдың 1 желтоқсанына дейін алдағы үш жылға арналған қылмыстың алдын алу үшін кешенді жоспар жобасын әзірлеуді және белгіленген тәртіппен Үкіметтің қарауына ұсынуды тапсырамын», – деді Б. Сағынтаев.

ҚР Премьер-Министрі осы бағытта жұмысты күшейту қажеттігін атап өтті.

«Біз халықтың нақты қолдауымен жұмысты тексеріп, жүйелеуіміз қажет», – деді Б. Сағынтаев.

Сонымен қатар, Премьер-Министр әкімдерге Ұлт жоспарына сәйкес жергілікті полиция қызметін нығайтуды тапсырды.

«Жаппай бейнебақылау камераларын орнатып, «Қауіпсіз қала», «Қауіпсіз аула», «Қауіпсіз мектеп» қағидаты бойынша интеллектуалдық жүйесін енгізу қажет. Сондай-ақ, осы мәселе бойынша жауапты тұлғалардың есебін тыңдаймыз», – деді Премьер-Министр.

www.primeminister.kz

Жарияланды: 05 қазан 2016

Мұрағат

Қазан
2016
ДсСсСрБсЖмСнЖк
12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту