Алматыда өтетін алдағы 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиадаға Қазақстанның құрама командасынан жарыстар бағдарламасына енген спорттың барлық түрлері бойынша 168 спортшы қатысатын болады. Бұл туралы аталған шараға әзірлік барысына арналған ҚР Үкіметі отырысында белгілі болды.

Мәдениет және спорт министрі А. Мұхамедиұлы қазіргі кезде Универсиадада өнер көрсету үшін студенттердің құрама командасын дайындаудың соңғы кезеңі жүріп жатқанын баяндады. Осы мақсатта спортшылардың даярлық, жарыс және қалпына келтірудің жоспарланған кезеңдерінің орындалуын қамтамасыз ететін мамандар мен жаттықтырушылар бригадалары жұмыс істейді.

Бүгінгі таңда шараға қатысатын командалардың құрамы анықталған. Универсиадаға Қазақстан атынан жарыс бағдарламасына енген барлық спорт түрлері бойынша 168 спортшы мен 65 жаттықтырушы қатысады.

Оқу-жаттығу үрдісінің кестесіне сәйкес, құрама командалар медициналық бақылаумен қамтамасыз етіледі. Универсиада кезінде Қазақстанның құрама командасына Республикалық спорт медицинасы мен оңалту орталығының 12 маманы және қосымша қысқы спорт түрлері бойынша республикалық федерациялардың мамандары қызмет көрсететін болады.

Айта кету керек, Қазақстан он екі Бүкіләлемдік Универсиадаға қатысқан, онда 44 медальге ие болған, олардың 18 алтын, 13 күміс, 13 қола. Қазақстанның Бүкіләлемдік студенттік ойындарға қатысуының ең үздік жетістігі 2015 жылы Словакия мен Испанияда түрлі құндылығы бойынша 11 медаль алуы, оның 5 алтын, 6 күміс. Осылайша Қазақстан командасы үшінші орынға көтерілді. 

Сондай-ақ, қазақстандық спортшылар Универсиада қатысушылары 2016-2017 жылдардың қысқы маусымдағы Әлем кубогы кезеңдерінде 7 рет чемпион және жүлдегер атанған. Тек 2016 жылдың өзінде Қазақстанның құрама командалары спорттың қысқы түрлері бойынша ресми спорт шараларында 53 медальге ие болған, олардың 16 алтын, 11 күміс және 26 қола.

Еске сала кетейік, Бүкіләлемдік қысқы Универсиада Алматы қаласында 29 қаңтар мен 8 ақпан аралығында өтеді. Алдағы жарыстарға әлемнің 59 елінен 2000-нан астам спортшы қатысады деп жоспарланған. Барлығы 12 спорт түрі бойынша 86 медальдар жиынтығы ойнатылады. Олардың ең көбі конькимен жүгіру спортына - 14 жиынтық, шаңғыдан жарысқа - 11 жиынтық және шорт-трекке 8 медальдар жиынтығы.

www.primeminister.kz

Жарияланды: 17 қаңтар 2017

Мұрағат

Қаңтар
2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту