28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиадаға әзірлік және оны өткізу аясында барлық қатысушыларға сапалы, шұғыл және уақытылы медициналық көмекті ұйымдастыру бойынша жұмыстар атқарылды. Бұл туралы ҚР Үкіметі отырысы барысында денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова мәлім етті.

Қажетті көмекті көрсетуге 215 жедел жәрдем көлігі әзірленген, 40 санитарлық автокөлік спорттық және спорттық емес нысандарда кезекшілік жүргізеді. Қажетті жабдықтармен және дәрі-дәрмектер қорымен жабдықталған бригадалардың кезекшілігі Универсиаданың барлық спорттық нысандарында жүргізілетін болады. Сонымен қатар атлеттердің тұратын орындарында, 6 қонақ үйде, теміржол бекеттерінде, халықаралық әуежайда және спортшылар марапатталатын «Медал Плаза»-да медициналық пунктер ұйымдастырылады.

Барлығы 40 медициналық пункт ұйымдастырылады, оған 229 қызметкер тартылады.

Т. Дүйсенова атап өткендей, №4 және №7 қалалық емханалардың базасында ұшақ алаңдары қарастырылған, бұл қажет болған жағдайда уақытылы пациенттердің жеткізілуі мен арнайы көмектің көрсетілуін қамтамасыз етеді. 149 медициналық қызметкер тартылады, оның ішінде шетелдік мамандарда оқытылған, құтқарушы командалардың 11 дәрігері бар.  

Барлығы 8 көпбейінді стационар іске қосылады, оларда дәрі-дәрмектердің, қан препараттары және оның компоненттерінің, қан алмастырғыштар мен медициналық бұйымдардың түгесілмейтін қоры қарастырылған. 

Медициналық пункттерде жұмыс істеуге тартылатын қызметкерлер мен еріктілер инфекциялық қауіпсіздік және шұғыл дәрігерге дейінгі көмекті көрсету дағдыларына үйретілген.

Универсиаданы өткізу кезінде Call-орталықтар мен «103» қызметіне түскен қоңырауларды қабылдау үш тілде – қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жүргізіледі. Сонымен қатар, ағылшын тіліне жедел медициналық көмектің барлық қызметкерлері оқытылған.

Еске сала кетейік, 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиада Алматы қаласында 29 қаңтар мен 8 ақпан аралығында өтеді. Жарыстарға әлемнің 60 елінен 2000-нан астам спортшы қатысады.

www.primeminister.kz

Жарияланды: 17 қаңтар 2017

Мұрағат

Қаңтар
2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту