Бүгін ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында отандық киноөндірушілерге қолдау көрсетудің негізгі жолдары мен Кинематографияны дамыту тұжырымдамасының жобасы қаралды.

ҚР мәдениет және спорт министрі А. Мұхамедиұлы Қазақстанда соңғы жылдары ішкі нарықта ғана емес, әлемдік нарықта да сұранысқа ие табысты фильмдер қатары толыққанын атап өтті.

Олардың ішінде өткен жылғы ресейлік және қазақстандық прокатта көшбасшы болған «28 панфиловшы» фильмі, премьералық көрсетілімі Ресей, Қытай, Франция, Гонконг, Грекия елдерінде өткен «Көшбасшы жолы» киноэпопеясының бесінші бөлімі – «Жұлдыздар тоғысқанда» фильмі, Ақан Сатаевтың «Анаға жол» картинасы және т.б. бар.   

Соңғы үш жылда ауқымды әлемдік прокатқа «Қазақфильмнің» 75 картинасы ұсынылды. Олардың барлығы қазақстандық кинематографтың мүмкіндіктерін барынша көрсете алды.

Кино саласын одан әрі дамыту мақсатында 2017 жылға арналған Заң жобалары жұмыстарының жоспарына «Кинематография туралы» Заң жобасын әзірлеу енген. Ол аталған саладағы қызметтің құқықтық негіздерін айқындап, мемлекеттік қолдау тетіктерін бекітіп, сонымен қатар фильм шығару үдерісіндегі қоғамдық қарым-қатынастарды ретке келтіру қағидаларын анықтауы тиіс. Биыл наурыз айында бұл құжат Үкімет қарауына енгізіледі, ал мамыр айында ол Парламентте қарастырылады.

Сонымен қатар, 2016 жылдың ақпан айында Үкімет Кинематографияны дамыту тұжырымдамасының жобасын әзірлеуді тапсырған болатын. Жыл ішінде құжат жобасы әзірленіп, көпшілік талқылауына салынды.

Үздік әлемдік тәжірибені ескерумен саланы дамытудың негізгі тәсілдері айқындалды. Оның ішінде кинематографиялық ұйымдардың арасындағы функцияларды жіктеу, инфрақұрылымдық өзгерістер, киноөнімді дамыту және прокаттың әлемдік нарығына шығу үшін жағдайлар жасау бар.    

Мұндай тәжірибе АҚШ, Франции, Германии, Ресей, Ұлыбритания, Қытай және басқа да көптеген елдерде бар. Бұл елдерде заңнамалық деңгейде айтарлықтай салық жеңілдіктері, кинокартиналарды жарыққа шығару үшін преференциялар белгіленген, киноны қолдаудың арнайы қорлары мен орталықтары жұмыс істейді.

Жалпы, саланы дамытудың барлық негізгі бағыттары әзірленген Тұжырымдамада қарастырылған. Ол қабылданғаннан кейін саланы одан әрі мемлекеттік қолдауға, киноматериалдарды шығару, сақтау, цифрлау, қазіргі инфрақұрылымды өзгертуге және т.б. қатысты бірқатар келелі мәселелер шешілетін болады.

www.primeminister.kz

Жарияланды: 17 қаңтар 2017

Мұрағат

Қаңтар
2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту