ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Үкімет отырысы барысында сапалы қазақстандық киноны түсіру және шалғайдағы елді мекендерде кинозалдар салу қажеттігін айтты.  

Бүгін Үкімет отырысы аясында «Кинематография туралы» Заң, сондай-ақ Кинематографияны дамыту тұжырымдамасы ұсынылды, бұл құжаттарда отандық киноиндустрияның одан әрі дамуының негізгі бағыттары көрсетілген.

Сонымен қатар отырыс барысында болашақ қазақстандық кинематография туралы осы саладағы белгілі өнер иелері өз пікірлерімен бөлісті. Олардың арасында Халық әртісі Асанәлі Әшімов, кинорежиссер Ақан Сатаев, «Меломан» компаниясының бас директоры Вадим Голенко, режиссер Рүстем Әбдірашев, «Арман» кинотеатрлар желісінің директоры Бауыржан Шүкенов, Қазақстан кинематографистерінің төрағасы Ақан Ибраев, режиссер және продюсер Рашид Нұғыманов бар.

Сөз сөйлегендерді тыңдаған соң Премьер-Министр кинотеатрларға көрермендерді көптеп тарту үшін жоғары сапалы фильмдер түсіру қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар ол әсіресе, шалғайдағы елді мекендерде кинозалдар сананың жеткіліксіздігіне назар аударды. Осыған байланысты Б.Сағынтаев әсіресе, моно- және шағын қалаларда осы салаға бизнесті тарту тетіктерін ойластыруды тапсырды.

Премьер-Министр өзінің орынбасары И. Тасмағамбетовке барлық мүдделі тараптармен бірлесе отырып Кинематографты дамыту тұжырымдамасы мен Заң жобасын талқылап, оларды Үкімет қарауына ұсынуды тапсырды.

www.primeminister.kz

Жарияланды: 17 қаңтар 2017

Мұрағат

Қаңтар
2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту