Астана процесіне қатысушылар келіссөз өткізуге дайындалуда. Бұл туралы бүгін ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко мәлім етті.

«Сириялық реттеу бойынша кездесу (Астана процесі) Ресей мен Түркия Президенттерінің бастамасымен өтуде. Оған ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жан-жақты қолдау көрсеткен болатын. Бұл ретте, Қазақстан Республикасының сирияаралық келіссөздер үшін тек қана алаң ұсынатындығын, келіссөздер процесіне араласпайтындығын түбегейлі түсіну аса маңызды», - деді ол.

Василенконың сөзіне қарағанда, Астана процесіне Сирия Үкіметінің, қарулы сириялық оппозициясының, Ресей, Түркия және Иранның өкілдері қатысады.

«Сонымен қатар, БҰҰ Бас хатшысының Сирия жөніндегі арнаулы елшісі мен АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі де қатысатын болады. Барлық делегациялардың басшылары Астанаға қазіргі уақытта келді және келіссөздерді бастауға дайындалуда. Келіссөздер Астана уақытымен сағат 13.00-де «Риксос» қонақ үйі залдарының бірінде басталады және 24 қаңтар күнінің соңына дейін аяқталуы тиіс», - деді ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары.

ҚазАқпарат

Жарияланды: 23 қаңтар 2017

Мұрағат

Қаңтар
2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту