Қазақстанда азаматтардың мемлекеттік органдардың жұмысы туралы ақпарат алуын арттыру үшін жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Бұл туралы ҚР Үкіметі отырысында ҚР ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев айтты.

Д. Абаев азаматтық қоғамның мемлекеттік шешімдер қабылдау үрдісіне сындарлы қатысуының маңызды шарттарының бірі олардың мемлекеттік органдардың қызметі туралы ақпараттылығы болып табылатынын атап өтті. Осыған байланысты өткен жылы қабылданған «Ақпараттың қолжетімділігі туралы» Заңның толыққанды жүзеге асуын қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Біріншіден, бүгінде заң бойынша негізгі нормативтік база қалыптастырылған. Заңның жүзеге асырылуына қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету мақсатында Ақпаратқа қолжетімділік мәселелері бойынша комиссия құрылып, жұмыс істеуде, оның құрамында үкіметтік емес сектор кеңінен қамтылған.

Екіншіден, заң нормаларын түсіндіру үшін халық арасында 2016 жылы мемлекеттік қызметкерлерге, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының өкілдеріне, ҮЕҰ мен журналистерге арналған семинарлар циклі өткізілді. Бұл жұмыс биыл да жалғасын табады.

Үшіншіден, ақпаратқа қолжетімділік туралы заң нормаларының орындалуына мониторинг жүргізіледі. Оның нәтижелері бойынша мемлекеттік органдарға өз интернет-ресурстарын жақсарту бойынша сәйкес ұсыныстар жасалады.

Төртіншіден, «Ашық үкіметтің» бес интернет-порталын техникалық қамтамасыз ету бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде.

Мәселен, бүгінде «Ашық НҚА» порталына 7,5 мыңнан астам құжат орналастырылған, оның ішінде заң жобалары мен мемлекеттік қызметтердің стандарттары бар. Бұл порталда нормативтік актілер жобаларын қоғамдық талқылау оларды қабылдау үшін міндетті шарт болып табылады.

Сонымен қатар, «Ашық бюджеттер» порталында 2 мыңнан астам материал мен көпшілік талқысына салу үшін 6 мыңнан астам бюджеттік бағдарламалар жобалары жарияланған. «Ашық мәліметтер» порталында 2 мыңнан астам мәліметтер жиынтығы жарияланып, жүктеп алуға арналған 21 мобильдік қосымша мен сервис әзірленіп, орналастырылған.  

Жалпы, 2016 жылы «Ашық диалог» порталының блог-платформасы арқылы 9,5 мың сауалға жауап берілген. Сонымен қатар, блог-платформаға жергілікті жерлерде әлеуметтік маңызға ие мәселелерді шұғыл шешу үшін жергілікті атқарушы органдар тартылған.  

Айтар болсақ, 2017 жылы «Мемлекеттік органдардың қызметінің тиімділігін бағалау» порталы іске қосылды. Онда қоғамдық талқылауға салу үшін мемлекеттік органдардың қызметін бағалау қорытындылары туралы ақпарат, стратегиялық жоспарлар мен аумақтарды дамыту бағдарламасының мақсатты көрсеткіштеріне қол жеткізу бойынша есептер орналастырылатын болады.

www.primeminister.kz

Жарияланды: 24 қаңтар 2017

Мұрағат

Қаңтар
2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту