Қазақстанның «жасыл» экономикаға көшуіне орай көмір-химия саласын дамыту қажеттілігі туындады, ол аталған өнімнің тұтынушылық қасиеттерінің сапалық тұрғыда өзгеруін, сәйкесінше, оның нарықтағы бағасының көтерілуін қамтамасыз етіп, ең бастысы – энергетикалық көмір нарығына шығуға мүмкіндік береді. Бұл туралы Үкімет отырысы барысында энергетика министрі Қанат Бозымбаев баяндады.  

Энергетикалық ведомство басшысының айтуынша, бүгінде көмір қыртыстарынан метан өндіру бойынша кешенді жоба әзірленуде. Қарағанды көмір бассейнінде көмір қыртыстарын газсыздандыру есебінен тау-кен жұмыстарын жүргізу қауіпсіздігін қамтамасыз ету және пилоттық жобалар бойынша жер қойнауын пайдалануға жасалған келісімшарттарға сәйкес метанды барлау бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Министрліктің алдында өнеркәсіптік игеру үшін көмір қыртыстарынан метан алу міндеті тұр, бұл еліміздің бірқатар аймақтарында әлеуметтік-экономикалық жағдайды біршама жақсартуға мүмкіндік береді. Өйткені, бұл метанды электр энергиясын өндіру үшін, тұрмыстық мақсаттарда, автокөліктер үшін отын ретінде, металлургия өнеркәсібінде және химия салаларында пайдалануға болады. Көмір өндіру барысындағы жұмыстардың қауіпсіздігі біршама артып, қоршаған ортаға метан шығарындыларының кемуі есебінен экологиялық жағдай жақсарады.

Ведомство басшысының мәліметінше, ҚР Кәсіпкерлік кодексіне енгізілген өзгерістерге сәйкес көмір қыртыстарынан метан алуға қатысты шектеулер алынып тасталған және ол инвестициялық басым жобаларды жүзеге асыру үшін, сонымен қатар қолданыстағы салықтық және инвестициялық артықшылықтарды алу үшін айқындалған басымдыққа ие қызметтер тізіміне енгізілген. Сондай-ақ, 2016 жылғы 23 қыркүйекте ҚР энергетика министрі бекіткен Көмір қыртыстарынан метан алу және оны барлау бойынша іс-шаралар жоспары жандандырылды.

www.primeminister.kz

Жарияланды: 24 қаңтар 2017

Мұрағат

Қаңтар
2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту