Қазақстан сириялық реттеу жөніндегі халықаралық кездесуде (Астана процесі) достық ахуал қалыптастыру үшін барлық мүмкіншілікті жасады. 

Бұл туралы кездесу қорытындысына орай Иран, Ресей және Түркияның бірлескен мәлімдемесін жариялау барысында ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов айтты.

«Қазақстанның елордасы Астана Сирияны реттеу жөніндегі халықаралық кездесуді қабылдады. Барлықтарыңыз да білесіздер, кездесу Ресей мен Түркия президенттерінің Астананы Сирия үкіметі мен қарулы оппозиция арасындағы сириялық мәселе бойынша келіссөздер орны жасау жөніндегі бастамасы негізінде орын алды. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бұл бастамаға толықтай қолдау көрсетті және бұл процесті жүзеге асыру үшін Қазақстан елордасында тұғырнаманы қамтамасыз етуге дайын екендігін жария етті. Біз халықаралық және жергілікті БАҚ-ты қоса алғанда барлық қатысушылар үшін Астанадағы кездесу барысында мүмкіндігінше достық ахуалды қамтамасыз ету  үшін барлығын жасадық», - деді Әбдірахманов.

Сонымен қатар СІМ басшысы Қазақстан Сириядағы ахуалды реттеудегі БҰҰ-ның көшбасшылық рөлін мойындайтындығын және БҰҰ Бас хатшысының арнаулы елшісі Стаффан де Мистураның күш-жігерін жоғары бағалайтындығын атап өтті. 

ҚазАқпарат

Жарияланды: 24 қаңтар 2017

Мұрағат

Қаңтар
2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту