Мемлекет басшысының Жарлығымен Елжан Біртанов Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарланды.

Е.А. Біртановты Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі қызметіне тағайындау туралы

Елжан Амантайұлы Біртанов Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі болып тағайындалсын.

Қазақстан Республикасының  Президенті                 Н.Назарбаев

Астана, Ақорда, 2017 жылғы  25  қаңтар

           №  414

 

Елжан Амантайұлы Біртанов 1971 жылғы 18 қазанда Жамбыл қаласында дүниеге келді.

Алматы мемлекеттік медицина университетін, Аризона штатының университетін, Ресей дипломнан кейінгі медициналық  білім академиясын, Шарите Университеттік клиникасын (Германия), Тұран университетін,  Duke University, Fugua  School of Business (АҚШ),  Global Executive МВА магистратурасын бітірді.

Алматы қаласында жедел медициналық көмек ауруханасының реаниматолог-дәрігері, Республикалық токсикология орталығының басшысы, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бас токсикологы, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтауды дамыту институты» РМК директоры, ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі, «Ұлттық  медициналық  холдинг» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары, ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі,   «Ұлттық  медициналық  холдинг» АҚ Басқарма төрағасы  болып жұмыс істеді.

2014 жылғы мамырдан бастап  - Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобаларын сүйемелдеу орталығы басқармасының төрағасы. 2015 жылғы 12 қарашадан бастап осы тағайындауға дейін ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі.

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісінің үздігі. Медицина ғылымының докторы.

ҚазАқпарат

Жарияланды: 25 қаңтар 2017

Мұрағат

Қаңтар
2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту