Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен   Тамара  Дүйсенова ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

"Тамара Босымбекқызы Дүйсенова Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі қызметінен босатылсын", - делінген жарлық мәтінінде.

Тамара Дүйсенова 1965 жылдың 11 қаңтарында Оңтүстік Қазақстан облысында туған, ұлты - қазақ, жоғары білімді, 1987 жылы Ташкент халық шаруашылығы институтын бітірді, мамандығы - инженер-экономист, экономика ғылымдарының кандидаты. Еңбек жолын 1988 жылы институтты аяқтағаннан кейін Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданындағы орта мектептің информатика пәнінің мұғалімі қызметінен бастады. 1988 - 1992 жылдары Өзбек ССР-нің Мемлекеттік жоспарлау комитетінің Экономика ғылыми зерттеу институтының экономисі болып жұмыс істеді; 1992-1993 жылдары - Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш аудандық әкімшілігінің аға экономисі; 1993-1994 жылдары - «Перизат-холдинг» компаниясының бөлім басшысы; 1994-1997 жылдары - Сарыағаш ауданы әкімінің кеңесшісі, орынбасары, бірінші орынбасары; 1997-1999 жылдары - Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары; 1999- 2002 жылдары - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары; 2002-2006 жылдары - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің вице - министрі; 2006 - 2008 жылдары - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары; 2008 - 2013  жылдары - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жауапты хатшысы. 2013 жылғы 6 ақпаннан бастап ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі. 2013 жылғы 10 маусымнан бастап - Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а., 27 маусымнан бастап - Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі, ал 2014 жылғы 6 тамыздан Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі қызметінде болды.

ҚазАқпарат 

Жарияланды: 25 қаңтар 2017

Мұрағат

Қаңтар
2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту