Бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов «Фарм Фритес» голландиялық компаниясының өкілдерімен кездесті.

Қазіргі уақытта «Көктем Агросервис» ЖШС мен «Фарм Фритес» компаниясының арасында тоңазытылған картоп өнімдері зауытының құрылысын Қазақстанның солтүстік-шығыс өңірінде жүргізу бойынша келіссөздер жүргізілуде.

Келіссөз барысында қуаттылығы 140 мың тонна картоп өндіретін жоба талқыланып, жоба бойынша инвестиция құны қарастырылуда.

«Фарм Фритес» компаниясы қазіргі уақытта Павлодар мен Қарағанды облыстарының шикізат базасы бойынша Одақ мүшелерімен техникалық жабдықталу, қойма қуаттылығы және табиғи-климаттық жағдайлары бойынша картопты баптау жөнінде зерттеу жұмыстарын жүргізуде.

Анықтама:

«Фарм Фритес» компаниясы 1971 жылы Нидерландыда отбасылық кәсіпорын ретінде құрылған. Компания салқындатылған және тоңазытылған картоп өнімдерін өндірумен айналысады. Компания әлемнің 40 елінде 1 500 қызметкерден тұратын 6 зауыты мен 40 сату кеңсесі жұмыс жасап тұр. Картоптың өнімділігі жылына 1,3 млн тоннаны құрап, әлемнің 80-нен аса еліне экспортталуда.

www.primeminister.kz

Жарияланды: 25 қаңтар 2017

Мұрағат

Қаңтар
2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту