Бүгін ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қаулысымен қайта ұйымдастырылған Денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік даму министрлігінің ұжымына денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов пен еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенованы таныстырды.

Үкіметтің жаңа мүшелерін таныстыра отырып, Премьер-Министр Мемлекет басшысы Үкімет пен қайта құрылған министрліктердің алдына денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау саласын әрі қарай дамытуға байланысты міндеттер қойғанын айтып өтті.

Бақытжан Сағынтаев биылдан бастап Президент тапсырмасы бойынша нәтижелі жұмыспен қамту мен жаппай кәсіпкерлікті дамытудың жаңа бағдарламасын іске асыру жұмыстары басталатынын айтты. Денсаулық сақтау саласында Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры құрылған. Алда үдерісті іске қосудың белсенді жұмыстары тұр.

Премьер-Министр жаңа министрлердің кәсіби тәжірибелерін атап өтіп, олардың басшылығымен Министрліктер Мемлекет басшысының тапсырмаларын тиімді атқаруды жалғастыратынын мәлімдеді.

www.primeminister.kz

Жарияланды: 25 қаңтар 2017

Мұрағат

Қаңтар
2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту