Астанада Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі генерал-полковник Сәкен Жасұзақовтың АҚШ-тың Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Джордж Кролмен кездесуі өтті.

Кездесу барысында екі елдің қорғаныс ведомствалары арасындағы екіжақты әскери ынтымақтастық мәселелері талқыланып, әскери кадрларды даярлау ауқымында өзара іс-қимыл мен тәжірибе алмасу болашағы, әскери оқу орындарының курсанттар мен тыңдаушыларын өзара алмастыру мүмкіндіктері, сондай-ақ басқа да бірқатар өзекті тақырыптар қозғалды.

Еліміздің қорғаныс ведомствасының басшысы Төтенше және өкілетті елшіні әскери-техникалық ынтымақтастық аясында Қарулы Күштерге америкалықтар тарапынан жеткізілген төртінші «Хьюи» тікұшағы үшін алғысын білдірді.

Бүгінгі күні Қазақстан мен АҚШ әскери ынтымақтастығының контекстіне әскери-далалық медицинаны дамыту мен жеке құрамды даярлау шеңберіндегі өзара мүдделер кіреді. Екі елдің 2018-2022 жылдарға арналған жаңа бес жылдық жоспарының жобасында екіжақты әскери ынтымақтастықтың келешектегі мәселелері қамтылады.

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

Жарияланды: 31 қаңтар 2017

Мұрағат

Қаңтар
2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту