Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Иманғали Тасмағамбетовтің төрағалығымен ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында мәдени бағдарламаны сапалы дайындау және өткізу мәселелері жөнінде кеңес өтті.

Осыдан бұрын берілген тапсырмаға сәйкес, Мәдениет және спорт министрлігі, Астана қаласының әкімдігі және «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ бірлесіп көрме өтетін кезеңдегі мәдени бағдарламаны жоғары деңгейде ұйымдастыру мәселелері жөніндегі үйлесімді жұмысты күшейтті. Сонымен қатар, делегаттар мен қонақтардың келуі бойынша ұйымдастырушылық сұрақтар жіті бақылауға алынды.

Осыған орай, кеңес барысында вице-премьер Астана қаласының әкімдігі елорданың инженерлік-көліктік инфрақұрылымын егжей-тегжейлі зерделеу қажет екеніне тоқталды. Тарқатып айтсақ, жолдағы жүктемені азайту мақсатында көлік ағымын модельдеу бойынша қолайлы нұсқаларды есептеу, қонақтардың келуі және олардың қауіпсіз орналасуы бойынша ұйымдастырушылық сұрақтарды пысықтау, қонақ үй және басқа да міндеттерге жұмылуы үшін өтетін шараларды барынша қысқартуға басымдық берді. Сондай-ақ, Қазақстанның мәдениет пен спорттағы жетістіктерін таныту мақсатында шетелдік жобаларды азайту және ұлттық брендті насихаттау қажеттігі айтылды.

«Ең маңыздысы, біз міндетті түрде тұрғындардың әлеуметтік аз қамтылған тобына тегін билет тарату мәселесін пысықтауымыз қажет. Олар осынау ауқымды шараға дайындалған көлемді әрі қызықты репертуарды тікелей өздері тамашалап, көру мүмкіндігіне ие болуы тиіс. Міне, осы сұрақты ерекше бақылауға алуымыз шарт. Әсіресе, бұл қаланың және мәдениет министрлігінің аясында өтетін шараларда ескерілуі керек», - деді ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Иманғали Тасмағамбетов.

Бүгінгі таңда ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Астана қаласы әкімдігімен және «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» акционерлік қоғамымен бірлесіп мәдени-танымдық және спорттық шаралардың кешенді бағдарламасын бекітті. Атап айтқанда, қазақтың дәстүрлі өнерін көрсету, театрлық-бұқаралық шаралар, халықаралық жобалар, көрмелер, спорттық және ағартушылық-тақырыптық шаралар.

Сонымен қатар, осы бағыттағы барлық құрылымдарды тиянақты үйлестіру үшін штаб құрылды. Ол Астана қаласы әкімдігінің конвешн бюросы және «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» акционерлік қоғамы штабымен тығыз байланыста болады.

Айта кетейік, ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында демеушілік қаражат есебінен Ла Скала театрының гастролін, «Қытай императоры Цинь Ши Хуандидің терракоттан жасалған әскері мәдени ескерткішінің» көрмесін, Мариндік театрының гастролін, «Пласидо Доминго опералиясы» Халықаралық жас вокалистер байқауының финалын өткізу, сондай-ақ, Ежелгі Мысырдың археологиялық жәдігерлері көрмесін ұйымдастыру жоспарланған.

www.primeminister.kz

Жарияланды: 02 ақпан 2017

Мұрағат

Ақпан
2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту