Астанада ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр. Оның барысында Қазақстанның 2016 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі қорытындылары қарастырылуда.

Өз сөзінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев ҚР Президентінің Қазақстан халқына арнаған Жолдауында айтылған тапсырмаларға сәйкес, Үкіметтің арнайы отырысы өткізілгенін мәлімдеді, оның барысында экономикалық өсімнің жаңа моделін құру үшін нақты шаралар жоспары айқындалды.

Сонымен қатар, Үкімет Конституциялық реформаны жүзеге асыруды бастады. Осыған орай мемлекеттік билік тармақтарының арасындағы өкілеттіліктерді бөлу бойынша сәйкес заң жобасы әзірленуде.

«Әлем экономикасындағы күрделі жағдайларға қарамастан, өткен жылды біз оң нәтижелермен аяқтадық, ЖІӨ өсімі 1% құрады. Оған бірінші кезекте Сіздің сәйкес дағдарысқа қарсы бағдарламаларды қабылдау жөніндегі тапсырмаңыздың арқасында қол жеткіздік. Жалпы, Үкімет экономикалық өсім мен халықтың әл-ауқатын қамтамасыз етуге бағытталған барлық тапсырмаларыңызды орындады», - деді Б. Сағынтаев.

Сонымен қатар, Б.Сағынтаев ҚР Президентінің Қазақстан халқына арнаған Жолдауында айтылған тапсырмаларды мүлтіксіз орындау биылғы жылы Үкіметтің негізгі міндеті болып табылатынын атап өтті.

www.primeminister.kz

Жарияланды: 03 ақпан 2017

Мұрағат

Ақпан
2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту