Астанада 2017 жылғы 3 ақпандағы ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында берілген Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мәселелері бойынша ҚР Үкіметінің отырысы өтіп жатыр.

Еске салсақ, алдында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Қазақстан Үкіметінің кеңейтілген отырысы өтті, оның барысында ҚР Президентінің Жолдауын орындау бойынша министрлер кабинетінің алдына бірқатар нақты міндеттер қойылған болатын.

Премьер-Министр ҚР-дағы бизнес ахуалды жақсарту бойынша біраз жұмыс жасалғанын, алайда бизнеске реттеу жүктемесі артуын жалғастырғанын атап өтті.

«Бір жағынан біз бизнес жүргізуді жақсарту үшін заңдарға өзгерістер енгіземіз, процедураларды жеңілдетеміз. Соңғы бес жылда рұқсат құжаттарының санын 3,2 есеге қысқарттық. Ал, екінші жағынан осы кезеңде бизнестің мүддесіне қатысты қабылданған нормативтік-құқықтық актілер саны керісінше 1,7 есеге артты. Олардың 85% - әкімдіктер мен мәслихаттар актілері», - деп атап өтті Б. Сағынтаев.

Осыған байланысты Премьер-Министр ұлттық экономика және әділет министрліктеріне осы мәселені шешуді тапсырды. Бұдан өзге, Ұлттық экономика министрлігіне мүдделі органдармен және «Атамекен» ҰКП-мен бірге бір айда барлық бақылау-қадағалау функцияларын ауқымды тексеруді аяқтау тапсырылды. 

 «Бірінші кезекте бизнеске көтеріңкі талаптар мен әкімшілік кедергілерді қысқарту қажет. Заңнамалық актілерге барлық қажетті өзгерістерді ағымдағы жылы қабылдау керек», - деп баса айтты Б. Сағынтаев.

Премьер-Министр Мемлекет басшысы тарапынан салық органдарына көп сөгіс айтылғанын атап өтті. Әсіресе, негізсіз тексерістер мен салық заңнамасын іс-тәжірибеде қолдану қиындықтарына қатысты.

Осыған байланысты Б. Сағынтаев ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің бизнесті тексеруді оңтайландыру тұрғысындағы жұмысын қайта құруды тапсырды. Бұдан бөлек, Премьер-Министр бір айда Бас прокуратурамен бірге негізсіз жүргізілген істерді реттеуді тапсырды.

 «Осындай істерді жүргізгендер жазасын алуы тиіс», - деп атап өтті Б. Сағынтаев.

Сондай-ақ, Премьер-Министр Ұлттық экономика министрлігіне мүдделі органдармен бірге жаңа Салық кодексін әзірлеу кезінде әкімшілендіруді түбегейлі жеңілдетуді және оны барынша қарапайым қылуды тапсырды.

 «Оның алдында біріктірілген Салық және кедендік кодекс әзірлеу жоспарланған болатын. Алайда, Президенттің тапсырмасына сәйкес ұлттық экономика және қаржы министрліктеріне жеке салық және кедендік кодекстерді әзірлеу қажет», - деп қорытындылады Б. Сағынтаев.

 www.primeminister.kz 

Жарияланды: 04 ақпан 2017

Мұрағат

Ақпан
2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту