2017 жылғы 3 ақпандағы Үкіметтің кеңейтілген отырысында берілген Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау бүгін Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында талқыланды.

Еске салсақ, кеше Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтті, оның барысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар нақты тапсырмалар берді.

«Мемлекет басшысы тарапынан МЖӘ тетіктерін қолданудың төмен қарқындарына, әсіресе өңірлерге қатысты әділетті сын айтылды», - деді Б. Сағынтаев.

Осыған байланысты Премьер-Министр Ұлттық экономика министрлігіне бір айда процедураларды одан әрі жеңілдету бойынша жұмыс жүргізуді тапсырды.

Бірінші тоқсанның соңына дейін түрлі салалардағы типтік жобалар тізімін кеңейту және осы мәселе бойынша өңірлерге толық әдістемелік қолдау көрсету тапсырылды.

«Сонымен бірге, Ұлттық экономика министрлігі салалық министрліктермен бірге әкімдіктердің бюджеттік өтінімдерін қарастыру кезінде МЖӘ аясында іске асыруға болатын жобаларды қабылдамауы керек», - деп баса айтты Б. Сағынтаев.

Бұдан өзге, алдағы республикалық бюджетті нақтылауға қатысты Үкімет басшысы қаржы министрі Б. Сұлтановқа осы кезеңнің өзінде осы қағидаларды басшылыққа ала отырып, алдында келісілген жобалардың өзін қабылдамауды тапсырды.

www.primeminister.kz 

Жарияланды: 04 ақпан 2017

Мұрағат

Ақпан
2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту