Ұлттық экономика министрлігі жергілікті атқарушы органдарды мемлекеттік бюджет қаражатына үміттенбей, МЖӘ арқылы балама көздерді қарастыруға шақырады. Бұл туралы Үкімет отырысының қорытындысы бойынша өткен баспасөз конференциясында ведомство басшысы Тимур Сүлейменов айтты.

Ұлттық экономика министрлігі жергілікті атқарушы органдарды мемлекеттік бюджет қаражатына үміттенбей, МЖӘ арқылы балама көздерді қарастыруға шақырады. Бұл туралы Үкімет отырысының қорытындысы бойынша өткен баспасөз конференциясында ведомство басшысы Тимур Сүлейменов айтты.

Еске сала кетейік, жақында Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев МЖӘ-ні дамыту жөнінде нақты тапсырмалар берді.

Т. Сүлейменов МЖӘ жобаларының барлық облыста бірдей деңгейде дамымай жатқанын растады. Оның пікірінше, жергілікті атқарушы билік жарнамамен барынша көп жұмыс істеуі қажет. МЖӘ-ті дамытуға барлық жағдайлар жасалуда.

Осы орайда, 2016 жылы орталықтандыру жүйесі алынып тасталды, ол кезде МЖӘ жөніндегі шешімдерді орталық деңгейінде қабылдау қажет болатын. Ендігі құны 9 млрд теңгеге дейінгі жобалар қандай да бір келісімсіз, жергілікті деңгейде жүзеге асырылады.

Бұдан өзге, МЖӘ-нің маңызды нысандары бойынша инвесторларға да, жергілікті атқарушы органдарға да қажетті типтік құжаттар әзірленді. Аталған типтік құжаттар алдағы әріптестіктің барлық ерекшеліктерін алдын ала біліп алуға мүмкіндік береді.

«Жергілікті атқарушы орган да, инвестор да не нәрсеге қол қойып жатқанын нақты білетін болады. Сәйкесінше, сипаттамаларды, технологиялық және өзге де сызбаларды және келісімшарт міндеттемелерін бекіту секілді ұзақ үрдіс қысқартылады. Бұл уақытты айтарлықтай деңгейде қысқартуға мүмкіндік береді», - деді Т. Сүлейменов.

Бірінші тоқсан аралығында МЖӘ қолданылатын барлық сектордың типтік құжаттарын бекіту жоспарланған.

Министрлік «бағдарламалық МЖӘ» түсінігін енгізуді ұсынды. Министрдің айтуынша, мұндай жобаларды барынша стандарттау қажет.

«Мысалға, бізде шағын балабақшалар бірдей деңгейде стандартталған «Балапан» бағдарламасы бар. Соны негізге ала отырып, қаржыландыруға, инвестор мен мемлекеттің қатысуына да осындай стандарттау жағдайын жасауға болады. Бұл толық бағдарламаға айналатындай етіп стандарттауға болады. Мұндай жағдайда, ЖАО да, инвесторлар да келіссөзге түспей-ақ: тек шарт жасасып, құжатқа қол қойып, жұмысты жүзеге асыруға кірісе береді. Бұл біздің биыл бекітуді көздеп отырған идеяларымыздың бірі», - деп түсіндіріп өтті Т. Сүлейменов.

Барлық әдістемелік көмек көрсету мен ілеспелі түсіндіру жұмыстарын Ұлттық экономика министрлігі жүргізуге міндеттеледі.

www.primeminister.kz 

Жарияланды: 04 ақпан 2017

Мұрағат

Ақпан
2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту