2017 жылы жаңа экономика салаларын салықтық ынталандыру бойынша үлкен жұмыс атқарылатын болады, деп хабарлады ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов ҚР Үкіметі отырысының қорытындысы бойынша өткен баспасөз конференциясында.

Жалпы салық түсімі ЖІӨ құрылымына сәйкес келетін болады.

«Тау-кен өндіру секторы бюджет қаражатын толтырудың басты көзі болып қала береді. Тау-кен өндіру өнеркәсібіне салық салу әдейілеп күрделі деңгейде жасалған. Ол аяғынан тік тұрған сала болғандықтан, оған толыққанды салық жүктемесі қойылған. Ал өңдеуші өнеркәсіпті, шағын және орта бизнесті салықтан босатуға тырысамыз», - деп түсіндірді Т. Сүлейменов.

Министрдің айтуынша, бұл үрдіс 2017 жылы да жалғасын таппақ.

Бұдан өзге, министрлік жаңа Салық кодексі аясында тиімсіздерін жою мақсатында жеңілдіктерді қайта қарайтын болады. Сонымен қатар, ҰЭМ жаңа экономика салалары үшін жаңа салықтық ынталандырма әзірлеуде. Аталған қызметтің нәтижесі - экономикаға салық жүктемесінің төмендеуі болады.

www.primeminister.kz 

Жарияланды: 04 ақпан 2017

Мұрағат

Ақпан
2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту