ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев ҚР Үкіметі отырысы барысында медициналық сақтандыруды енгізуге ерекше назар аударуды тапсырды.

Еске сала кетейік, кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар нақты тапсырмалар берген ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысы өтті.

Үкімет басшысының айтуынша, денсаулық сақтау саласында, бірінші кезекте, ұзақмерзімдік негізде отандық өндірушіден дәрі-дәрмек пен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алуды ұлғайту жөніндегі тиісті шараларды қабылдау қажет, сонымен қатар оларды сатып алу процедураларының айқындығын қамтамасыз ету керек.

«Медициналық техникаларды тиімді пайдалану үшін, жеткізушілердің техниканы пайдаланудың толық мерзімінде сервистік қызмет көрсету шартымен, медициналық техниканы сатып алу тетігін әзірлеуді тапсырамын», - деді Б. Сағынтаев.

Сонымен қатар, дұрыс баға белгілеу үшін медициналық техниканың Бірыңғай номенклатурасын құру тапсырылды. Медициналық сақтандырудың міндетті жүйесін енгізуге баса назар аудару керек.

«Білім беру туралы айтар болсақ, жалпы Президент аталған саладағы жаңа тәсілдерге қолдау білдірді», - деді Үкімет басшысы.

Сонымен қоса, білім және ғылым министрі Е. Сағадиевке халық арасында 12 жылдық білім беру жүйесіне ауысу, үштілділік және ҰБТ-ның жаңа жүйесі жөнінде сауатты түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру тапсырылды. 

«Бұл жұмысқа Ақпарат және коммуникациялар министрлігі де атсалысуы керек», - деп сөзін қорытындылады Премьер.

www.primeminister.kz

Жарияланды: 04 ақпан 2017

Мұрағат

Ақпан
2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту