ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев ҚР Үкіметі отырысы барысында мемлекеттік қаражатты «игеру үшін» игеруге жол бермеуді тапсырды.

Еске салсақ, алдында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Қазақстан Үкіметінің кеңейтілген отырысы өтті, оның барысында ҚР Президентінің Жолдауын орындау бойынша министрлер кабинетінің алдына бірқатар нақты міндеттер қойылған болатын.

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев бюджет қаражатын үнемді пайдалану мәселесінде шығындарды сапалы және бірқалыпты жоспарлау қажет екенін атап өтті. Осыған байланысты Қаржы министрлігіне мемлекеттік органдар мен әкімдіктердің жоспарларын бекіту кезінде қатаң позиция ұстану қажет.

«Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша аз игерген жағдайда бюджет қаражатын басқа мақсаттарға қайта бөлу туралы мәселені алға қойған жөн. Игеру үшін тиімсіз игеруге жол бермеуіміз керек», - деп атап өтті Б. Сағынтаев.

www.primeminister.kz

Жарияланды: 04 ақпан 2017

Мұрағат

Ақпан
2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту