Фермерлерге екі есе салық салу туралы сыбысты ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Қайрат Айтуғанов сейілтті.

Вице-министрдің айтуынша, ешқандай да екі есе салық салу туралы сөз қозғалған емес. Керісінше, ауылдағы кооперативтерге арналған жаңа жеңілдіктер енгізілді.

«Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, ауыл шаруашылығы кооперативтеріне жер салығы мен жер ресурстарын пайдалануға қатысты салынатын салықтан өзге, салық төлеу кезінде пайыздық жеңілдіктер қолданылатын арнайы салық режимі таратылуда. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы кооперативтеріне жердің болуы туралы талап қарастырылмаған», - деді Қ. Айтуғанов.

Сондай-ақ, қайта құрылған ауыл шаруашылығы кооперативтерінің құрамына кіретін заңды тұлғалардан арнайы салық режимі алынып тасталады.

«Ия, бұл солай. Бірақ, 2015 жылдан бастап аталған шаруашылықтардың ауыл шаруашылығы өндірушілеріне арналған көпшілік мақұлдаған режимін пайдалана алатынын есте сақтау керек. Ол 2015 жылдан бастап қолданыста. Көпшілік мұны біле бермейді», - деді вице-министр.

Аталған режим еңбекті өтеу қоры бойынша екі есе есеп айырысуға ерік бере отырып, ҚҚС төлеген жағдайда 70 пайыздық жеңілдік алуға мүмкіндік береді.

Қ. Айтуғановтың айтуынша, ауыл шаруашылығы мен ұлттық экономика министрліктері бүгінде ауыл шаруашылығы өндірушілеріне салық салу мәселесін қарастырып жатқан жұмыс тобын құрды. Ауыл шаруашылығы өндірушілері мен Кәсіпкерлер палатасы бірлесіп аталған салық салу жүйесін мұқият зерттеуі туралы нақты уағдаластық бар.

Бұдан өзге, вице-министр жаңа ветеринарлық зертханалар құру мәселесіне де түсінік беріп өтті. Бүгінде 114 жаңа зертхана пайдалануға берілген. Олар республикалық ветзертханаға бағынады. 89 ескі нысан бағалаудан өтуде. Бір бөлігі бәсекелі ортаға жіберілген, бесеуін тізілімнен шығару туралы шешім қабылдануда. 12 ветеринарлық зертхананы әрі қарай пайдалану мәселесі қаралуда.

www.primeminister.kz

Жарияланды: 04 ақпан 2017

Мұрағат

Ақпан
2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту