ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Роман Склярдың айтуынша, жаңа заң жобасының аясында ғаламтор арқылы такси қызметін жүргізетін компаниялардың жұмысын ретке келтіру жоспарланған. Негізгі мақсат - жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

"Ғаламтор арқылы такси қызметін жүргізетін компаниялар кіммен жұмыс жасап жатқанын білмейді. Желіге қосылған көлік жүргізушісі медициналық тексерістен өтті ме, көліктің теxникалық жағдайы қандай, оны компания да, көлікке отырған жолаушы да білмейді. Бәлкім, оның жүргізушісі куәлігінің мерзімі де өтіп кеткен шығар. Ондай қызметтер кезінде көлік жүргізушісінің жасы да ескерілмейді. Ол 18 жасқа енді ғана толған шығар. Ал заңға сәйкес, жолаушылар тасымалымен 22 жастан бастап айналысуға болады. Сондықтан біз осы мәселені заңға енгізіп, Uber, Yandex пен InDriver сияқты ғаламтор арқылы такси қызметін жүргізетін компаниялардың жұмысын ретке келтіруді көздейміз", - деді Скляр заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның бүгінгі отырысында.

Вице-министрдің айтуынша, министрлік xалықаралық компаниялардың қызметін шектеуді көздеп отырған жоқ. Бүгінде барлығы бірдей заң талаптарын орындауға тиіс. Қазақстанда ресми түрде тіркелген такси қызметтері ол талаптарды орындап келеді.

ҚазАқпарат

Жарияланды: 08 ақпан 2017

Мұрағат

Ақпан
2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту