Бүгін Алматы қаласына жұмыс сапары барысында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев инновациялық технологиялар паркін аралап, қазақстандық ғалымдардың ғылыми әзірлемелерімен танысты және ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауын іске асыру мәселелері бойынша кездесу өткізді.

«ИТП» АЭА аралау барысында Бақытжан Сағынтаев операторларды, мұнай инженерлерін, бұрғылау мердігерлерін және сервистік компаниялардың техникалық кадрларын кәсіптік даярлау бойынша заманауи оқу-жаттығу орталығын, сондай-ақ заманауи импортты алмастыратын телекоммуникациялық жабдықтар өндіретін компанияны аралады.    

Б. Сағынтаев «ИТП» АЭА аумағында жұмыс жасайтын ІТ-ұйымдарының өкілдерімен кеңес өткізді, оның барысында ол Мемлекет басшысы өз Жолдауында жариялаған мақсаттарға жету үшін елдің барлық ғылыми және инновациялық әлеуетін пайдалану қажет екенін атап өтті.

ҚР Президенті оның негізінде жаңа, перспективалы технологиялар мен инновациялар болатын экономика өсімінің жаңа үлгісін құру туралы міндет қойды. Бұл Қазақстанға 2050 жылы әлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіруге мүмкіндік береді. Осы орайда Б. Сағынтаев «ИТП» АЭА аталған міндетті іске асыруда үлкен үлес қоса алатынын айтып өтті.

Кеңес қорытындысы бойынша, ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев инвестициялар және даму, ақпарат және коммуникациялар министрліктеріне айтылған ұсыныстарға талдау жасап, оларды «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын әзірлеу кезінде ескеруді тапсырды.

Анықтама:

«Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағы ҚР Президентінің Жарлығына сәйкес құрылған және ақпараттық технологиялар, электроника және құрал жасау, жаңғыртпалы энергия көздері, ресурсты үнемдеу, тиімді табиғат пайдалану және т.б. салаларды дамытумен айналысады.

«ИТП» АЭА 2015 жылы Үкіметпен бекітілген «Инновациялық технологиялар паркі» дербес кластерлік қорының құрамына кіреді. Ол Almaty Tech Garden қолшатыр брендінің астына Алматы қаласының жетекші ЖОО мен ҒЗИ-ның ғылыми-техникалық базасын, сонымен қатар «ИТП» АЭА-ға қатысушы компанияларды шоғырландырады. Қазіргі таңда инновациялық кластерге қатысушы 221 ұйым бар.

www.primeminister.kz

Жарияланды: 08 ақпан 2017

Мұрағат

Ақпан
2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту