Бүгін Алматыда ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев 28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиаданың салтанатты жабылу рәсіміне қатысты.

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Алматы өзінің мыңжылдық тарихымен екі аптаның ішінде спорт сүйер қауымның сүйікті қалаларының біріне айналғанын атап өтті.

Өткен жарыстардың нәтижесінде Қазақстан 11 алтын, 8 күміс және 17 қола медальге ие болып, жалпыкомандалық есепте екінші орынды иеленді.

Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев Қазақстан спорттағы осындай жоғарғы жетістіктерге ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жүргізіп отырған саясатының арқасында қол жеткізгенін айтып өтті. Премьер-Министр Мемлекет басшысына салтанатты рәсімге қатысқан барлық қонақтардың атынан алғыс білдірді.

Сонымен қатар, Бақытжан Сағынтаев қазақстандық спортшылардың лайықты көрсеткен өнерлері зейінді еңбек пен жаттықтырушылар мен командалардың үйлесімді жұмысының нәтижесі екенін айтты.

Анықтама:

28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиада Алматы қаласында 2017 жылдың 29 қаңтары мен 8 ақпан аралығында өтті. Қысқы Универсиада бағдарламасына 12 спорт түрі енді: мәнерлер сырғанау, шорт-трек, тау шаңғысы, сноуборд, биатлон, шаңғы жарысы, шайбамен хоккей (ерлер, әйелдер), керлинг, трамплиннен шаңғымен секіру, шаңғы қоссайысы, конькимен жүгіру спорты, фристайл. Жарыстарға шамамен 2 мың спортшы қатысты. Универсиада өткізу кезінде Алматыға шамамен 30 мың отандық және шетелдік туристер келген.

www.primeminister.kz

Жарияланды: 08 ақпан 2017

Мұрағат

Ақпан
2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту