Қазақстанда агроөнеркәсіптік кешен еліміздің жаңа экономикалық қозғаушы күшіне айналуы үшін бірқатар шараларды іске асыру жоспарланған. Бұл туралы ҚР ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Қайрат Айтуғанов ҚР Үкіметіндегі баспасөз конференциясында айтты.

Қ. Айтуғанов Ауыл шаруашылығы министрлігі алдына 6 міндет қойылғанын, олар аграрлық секторға Қазақстан экономикасының жаңа қозғаушы күшіне айналуына мүмкіндік беретінін айтты.

Біріншіден, субсидия бөлу қағидаларын қайта қарау және біртіндеп сақтандыруға көшу қажет. Жаңа ережелер қазіргі уақытта әзірленіп жатыр, және таяуда қабылданады, соның нәтижесінде тиімсіз субсидиялардың 11 түрі алып тасталады. Мұның нәтижесінде қаражаттың сол көлемімен өндірушілерді мемлекеттік қолдау шараларымен қамту 7,5 есеге ұлғаяды.

Екіншіден, бес жылда 500 мың жеке қосалқы шаруашылықтар мен шағын фермаларды кооперативтерге біріктіру үшін барлық жағдай жасау қажет. Қазіргі уақытта 154 кооператив құрылған, олардың базасында 100-ден астам сүт қабылдау пункті мен 7 мың отбасылық мал бордақылау алаңы ұйымдастырылған. Ағымдағы жылы құрылатын кооперативтер саны екі есеге ұлғаяды.

Үшіншіден, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу деңгейін арттырып, сақтау, тасымалдау және өткізудің тиімді жүйесін құру керек. Қажетті инфрақұрылымды құру жөніндегі жұмыстар басталды.

Төртіншіден, еңбек өнімділігінің деңгейін арттырып, өндірістік шығындарды азайту керек. Бұл тұрғыдан алғанда ведомство технологияларды жаңғырту мен трансферттеуге шоғырландыруды жоспарлайды. Өткен жылы тиісті мамандар тартылған агротехнологиялардың арнайы трансферт орталығы құрылған.

Бесіншіден, жерді пайдалану тиімділігін арттыру қажет, бес жыл ішінде суармалы жер көлемін 40%-ға ұлғайту қажет, осылайша оны 2 млн гектар деңгейіне дейін жеткізу керек. Ауыл шаруашылығы министрлігі 600 мыңнан астам ауыл шаруашылығы жерлерін айналымға тарту жөніндегі шараларды іске асыру жұмыстарына кірісіп кетті. Бұл өз кезегінде суармалы жер көлемін де ұлғайтуға мүмкіндік береді. Нәтижесінде, ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісінің деңгейін арттыруға мүмкіндік ашылады.

Алтыншыдан, өндірісте сұранысқа ие болатын аграрлық-ғылыми зерттеулерге инвестициялар көлемін ұлғайту қажет. Зерттеулерді қаржыландыру агроқалыптастыру сұраныстарына байланысты болады. Сондай-ақ, Алматыдағы Ұлттық аграрлық университет пен Астанадағы Қазақ агротехникалық университеті базасында халықаралық деңгейдегі екі аграрлық орталықты құру жұмыстары басталды.

Бұдан өзге, 2021 жылға қарай ауыл шаруашылығы өндірісін әртараптандыру арқылы азық-түлік тауарларының экспортын 40%-ға ұлғайту тапсырылған. Бұл бағытта мақсатты индикаторлар анықталған, 2017 жылы экспортты 10%-ға ұлғайту көзделген.

www.primeminister.kz

Жарияланды: 09 ақпан 2017

Мұрағат

Ақпан
2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту