Бұл туралы бүгін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» бағдарламасын жүзеге асыру қорытындысы туралы және жаңа Өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы тақырыбында өткен баспасөз конференциясында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Біржан Нұрымбетов хабарлады.

Ол өз сөзінде 2016 жылы Мемлекет басшысының тапсырмасымен жаңа Өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы әзірленіп шыққанын, соған байланысты «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» бағдарламасын (әрі қарай – «ЖҚЖК-2020) іске асыру аяқталғанын еске салды.  

«ЖҚЖК-2020» бағдарламасын жүзеге асыру кезінде, 2011-2016 жылдар аралығында 800 мыңға жуық адамға мемлекеттік қолдау шараларының пайдасы тиді», - деді Б. Нұрымбетов.

Вице-министр бағдарламаның бірінші бағыты аясында (инфрақұрылым мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласын дамыту арқасында халықтың еңбекпен қамтылуын қамтамасыз ету) 10,5 мың жоба атқарылып, 103,8 мың адам жұмысқа орналасқанын атап өтті.

Екінші бағыт тұрғысында (кәсіпкерлік пен сүйеніш ауылдарын дамыту арқылы жұмыс орындарын құру) 44,8 мыңнан астам қазақстандық кәсіпкерлік негіздеріне оқып, олардың ішінде 29,9 мыңнан астамы алғаш рет өз ісін ашты. Нәтижесінде, қосымша, тағы 42 мың адам жұмысқа орналасты.

Үшінші бағыт бойынша (жұмыс берушінің сұранысына қарай оқыту мен қоныс аудару арқылы еңбекпен қамтуға әрекеттесу) кәсіби білім алған соң, 110 мың қазақстандық жұмыс тапты.

111 мыңнан астам адам әлеуметтік жұмыс орындарына тартылып, 77,6 мыңы тұрақты жұмыс орнын иеленді. Жастар тәжірибесіне 91 мың жас азамат жолдама алып, 57,4 мыңы еңбекпен қамтылды.

Сонымен қатар, үшінші бағытқа қатысты, экономикалық әлеуеті төмен ауылдық жерлерден көшірілген 19,3 мың адамның шамамен 7 мыңы жұмысқа тұрды.  

Осы орайда, тиісті деректер қорындағы бос жұмыс орындарына 344,6 мың адам орналастырылды.

«ЖҚЖК 2020» бағдарламасын жүзеге асыру арқылы Қазақстандағы жұмыссыздық деңгейін 5%-дан асырмай ұстап тұруға мүмкіндік туды.

www.primeminister.kz

Жарияланды: 09 ақпан 2017

Мұрағат

Ақпан
2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту