Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен экономиканың жеделдетілген технологиялық жаңғыртылуының мәселелері жөніндегі кеңес өтті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.

Кеңеске Премьер-Министр, Ұлттық банк төрағасы, Үкімет мүшелері, Астана қаласының әкімі, ұлттық холдингтер және компаниялар, сондай-ақ еліміздің жетекші кәсіпорындарының басшылары қатысты.

Жиын барысында Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына жолдауының бірінші басымдығы ретінде аталған экономиканың жеделдетілген жаңғыртылуы жөніндегі шаралар талқыланды.

Сондай-ақ, цифрлық технологияларды қолдана отырып, жаңа индустрияны дамыту және базалық салаларды техникалық қайта жарақтандырудың кешенді шараларын әзірлеу мәселелері қарастырылды.

Қазақстан Президенті кеңес қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.

ҚАЗАҚПАРАТ

Жарияланды: 10 ақпан 2017

Мұрағат

Ақпан
2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту