Қазақстанда Әкімшілік кодекс ізгілендіріледі. Бұл туралы бүгін ҚР Әділет министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде ведомство басшысы Марат Бекетаев мәлім етті.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта министрлік мемлекеттік мүдделі органдармен, үкіметтік емес ұйымдармен, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірге «Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын әзірлеген.

«Аталған заң жобасында әкімшілік құқық бұзушылықтың 150-ден аса құрамы бойынша айыппұл санкциясының мөлшерін азайту, санкциясы ескерту түріндегі әкімшілік жазаны көздейтін баптарды көбейту, жеңілдететін мән-жағдай анықталған кезде сотқа, органға лауазымды және заңды тұлғаларға қатысты әкімшілік айыппұлдың сомасын 30 пайызға дейін қысқартуға мүмкіндік беретін нормаларды қолдану, тоқтата тұруға негіз болып табылатын бұзушылықтарды жойған кезде рұқсат беру іс-әрекетін мерзімінен бұрын қайта жаңғырту тәртібін регламенттеу ұсынылған», - деді Бекетаев.

Сонымен қатар Бекетаевтың атап өтуінше, Әділет министрлігі ҚР Президентінің мемлекеттік қызмет көрсету процестерін оңтайландыру жөніндегі тапсырмасын жоспарлы түрде орындауда.

ҚАЗАҚПАРАТ

Жарияланды: 10 ақпан 2017

Мұрағат

Ақпан
2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту