Қазақстандық спортшылар тиянақты дайындық пен елдегі даярлау жүйесінің арқасында Универсиада-2017-де сәтті өнер көрсетті. Бұл туралы ҚР Үкіметіндегі баспасөз конференциясында МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Елсияр Қанағатов мәлімдеді.

Е. Қанағатов әрбір спорт жарысының, әсіресе Дүниежүзілік қысқы Универсиада секілді ауқымды жарыстардың алдында бұрынғы өткен жарыстардағы көрсеткіштерден жоғары нәтиже көрсету міндеті қойылатынын айтты.

Ол 2015 жылы қазақстандық спортшылар 5 алтын, 6 күміс, барлығы 11 медаль алып, жалпыкомандалық есепте үшінші орынға ие болғанын еске салды.

«Алда тұрған міндет осы көрсеткішті жақсарту болды. Осылайша Ұлттық олимпиада комитеті, спорт түрлері бойынша Федерациялардың қолдауымен және еліміздегі спортшыларды дайындаудың қолданыстағы жүйесіне сәйкес Алматыда Универсиада алдында үлкен жұмыстар жүргізілді, соның арқасында біз осындай жетістікке жеттік. Универсиаданы сәтті өткізудің арқасында еліміздегі спортқа деген қызығушылық одан әрі арта түсері анық», - деді Е. Қанағатов.

Сонымен қатар, Қазақстанда спортты дамыту үшін жүйелік жұмыс жүргізіліп жатыр, және Мемлекет басшысы өз Жолдауларында ең алдымен бұқаралық спортты дамыту қажеттігін атап көрсеткен. Сондай-ақ, ҚР Президенті 2020 жылға қарай халық арасында спортпен айналысудың 30%-дық көрсеткішіне қол жеткізу міндетін жүктеген.

www.primeminister.kz

Жарияланды: 10 ақпан 2017

Мұрағат

Ақпан
2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту