ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова еңбекке жарамды жастағы әйелдер арасында жұмыссыздықтың өршіп кету қаупі барын айтты.

Оның айтуынша, аталмыш проблема барлық әлем елдерінде байқала бастаған. Халықаралық еңбек ұйымының сарапшыларының айтуынша, әлемде 29-34 жастағы әйелдер арасында жұмыссыздық белең алған.

«Біздегі жағдай өзгеше, себебі біздің өмір салтымыз бен экономикамыз басқа. Бізде жұмыссыз қалудың үлкен қауіпі 45 жастан кейін немесе 15 пен 24 жас аралығында көбейеді. Бұл біздің ерекшелік пен демографиялық үрдісімізге тәуелді десе де болады. Егер біз болашақта әлемдегі осы жұмыссыздық үрдісімен алдын ала күреспейтін болсақ, Қазақстандағы жағдай әлемдегі жұмыссыздықпен пара-пар болып кетуі де ғажап емес», - деді Дүйсенова Астанада «Корпоративтік секторда әйелдердің мүмкіндіктерін кеңейту» атты халықаралық форумда.

Министрдің мәліметтері бойынша, бүгінгі таңда Қазақстанда 3,1 миллион әйел жалдамалы жұмысшы ретінде еңбек етуде. 2010 жылдан бері олардың саны 650 мыңға артқаны байқалуда.

Қазақстандық әйелдердің 19%-ы сауда-саттықта, 18%-ы - білім беру және денсаулық сақтау салаларында, 8,6%-ы - әлеуметтік қызмет көрсету салаларында қызмет етеді. Жұмыссыз санатқа кіретін әйелдердің 3/1-і бала күтіміне байланысты еңбек демалысында жүр.

ҚАЗАҚПАРАТ

Жарияланды: 10 ақпан 2017

Мұрағат

Ақпан
2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту