Қорғаныс ведомствасының басшысы генерал-полковник Сәкен Жасұзақов Талдықорған гарнизонына жұмыс сапарымен барып қайтты.

Аталған жұмыс барысында әскери ведомстваның басшысы биылғы оқу жылының ахуалы мен жауынгерлік даярлық жоспарын орындау барысы туралы ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысының және ҚР ҚК Аэроұтқыр әскерлері қолбасшысының баяндамаларын тыңдады.

Бұдан өзге, жұмыс сапары барысында Талдықорған гарнизонының кейбір бөлімшелері жоғары жауынгерлік даярлыққа келтірілді. ҚР Қорғаныс министрі олардың техникалық жабдықталуы мен қамтамасыз ету жағдайын тексерді, сондай-ақ әскери қызметшілердің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларына ерекше назар аударды.

Осы сапардың аясында ҚР Қорғаныс министрі Әуе қорғанысы күштері мен 21751 әскери бөлімнің басшылық құрамымен жұмыс кеңесін өткізіп, онда авиациялық базаның жауынгерлік әзірлігі мен ұшулар қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде бірнеше нақты тапсырмалар берді.

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

Жарияланды: 13 ақпан 2017

Мұрағат

Ақпан
2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту