Қазақстанның Қорғаныс министрлігінде ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Талғат Мұхтаров пен Жапонияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Итиро Кавабатоймен кездесу өтті.

Кездесу барысында екіжақты әскери ынтымақтастықтың ағымдағы мәселелері талқыланды. Осы кездесудің аясында көтерілген тағы бір тақырып Қазақстанның Қорғаныс министрлігі мен Жапония арасындағы қорғаныс ынтымақтастығы мен өзара іс-қимыл ауқымындағы Меморандумға қол қою болды. Бұл құжаттың жобасы алдын ала тараптармен әзірленіп, келісілген болатын.

Қазақстан ішкі саяси және экономикалық мақсаттылыққа сүйене отырып мемлекеттің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз етуде міндеттерді бірқалыпты шешу үшін халықаралық әскери және әскери-техникалық ынтымақтастықты белсенді дамытып келеді. Қазіргі уақытта Қазақстан мен Жапонияның әскери ынтымақтастығы даму үстінде. Әсіресе, бұл әскери медицина мен бітімгершілік даярлық ауқымында белсенді байқалады. Аталған бағыттар екі ел қорғаныс ведомстваларының ынтымақтастықты дамытудағы өзара мүддесін көрсетеді.

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

Жарияланды: 17 ақпан 2017

Мұрағат

Ақпан
2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту