Бүгін ҚР қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақов бастаған Үкіметтік комиссия жұма күні қар көшкіні салдарынан әскери қызметкерлер қаза тапқан Жамбыл облысына келді.

Үкіметтік комиссия құрамында қорғаныс министрінің орынбасары Т.Мұхтаров, қаржы вице-министрі Т.Савельева, ішкі істер министрінің орынбасары Ю.Ильин, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі С.Жақыпова, денсаулық сақтау вице-министрі А.Цой және Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары Б.Орынбеков бар.

Қайғылы оқиға орнында комиссия мүшелері жазатайым оқиғаның себебін тергеумен және қаза тапқандардың отбасыларына көмек көрсету жұмыстарын ұйымдастырумен айналысады. Аталған мәселе ҚР Премьер-Министрі Б.Сағынтаевтың жеке бақылауында.

www.primeminister.kz

Жарияланды: 18 ақпан 2017

Мұрағат

Ақпан
2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту