Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Мемлекет басшысының  «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына жолдауында мәлімделген тапсырмаларын орындау мақсатында сатып алулар жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша кеңес өткізді.

Кеңес барысында қызметті орталықтандыру қағидасы бойынша сатып алулардың бірыңғай жүйесін енгізу мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, квазимемлекеттік секторда, табиғи монополиялар мен жер қойнауын пайдалану салаларында сатып алу жұмыстарын жүргізудің жаңа тәсілдері қаралды. Президенттің аталған тапсырмаларын орындау сатып алулар үдерістерін жүргізудің айқындылығымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Кеңес қорытындысы бойынша Премьер-Министр Б.Сағынтаев уәкілетті мемлекеттік органдарға сарапшылар қауымдастығымен бірлесіп сатып алулар үлгісінің жобасын талқылап, Үкіметке енгізуді тапсырды.

www.primeminister.kz

Жарияланды: 18 ақпан 2017

Мұрағат

Ақпан
2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту