Ағымдағы аптада ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен ҚР Үкіметі отырысы өтеді. Алдағы көктем маусымы қарсаңында отырыста орталық және жергілікті атқарушы органдардың су тасқыны кезеңіне дайындығы мәселесі қаралады.

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауында айтылған білім беру жүйесін реформалау аясында электронды оқыту жүйесін енгізу және денсаулық сақтау мен жұмыспен қамту саласындағы бірқатар нормативтік-құқықтық құжаттарды қарау жоспарланған. 

Бұдан өзге, ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Қазақстанның 30 дамыған елдің қатарына қосылуы бойынша жұмыс аясында ЭЫДҰ-мен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңес отырысын өткізеді.

Қазақстанда баламалы энергия көздері мен жасыл экономиканы дамыту бойынша жұмыс аясында Астанада Халықаралық ЭКСПО-2017 мамандандырылған көрмесін өткізуге дайындық барысы туралы кеңес өтеді.

Алдағы аптада Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың бірқатар халықаралық кездесулері жоспарланған. РФ Үкіметі Төрағасының Бірінші орынбасары Игорь Шуваловпен және ҚХР-ның ҚР-дағы Елшісі Чжан Ханьхуэймен екіжақты экономикалық қатынастардағы ағымдағы жағдайды және ортақ жобаларды іске асыру барысын талқылау жоспарланған.

Сондай-ақ, қапталмаған жүктердің барлық ассортиментіне арналған электронды сауда алаңы болып табылатын «Jumore» компаниясының Президенті Лу Хунсянмен Қазақстанда жаңа индустриялар құруды талқылау жоспарланған және ЕҚДБ Басқарушы директоры Томас Майермен Қазақстан аумағындағы бірқатар ірі жобаларды іске асыруды және басқа да өзекті мәселелерді талқылау жоспарланған кездесулер өтеді.   

ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары А. Маминмен АЭА қызмет түрлерін кеңейту және олардың инфрақұрылымын дамыту мәселелері жөнінде селекторлық кеңес, сондай-ақ Астанада бірқатар халықаралық іс-шаралар өткізу мәселелері жөнінде кеңес өткізу жоспарланған.     

Бұдан өзге, А. Мамин ЭКСПО көрмесінің халықаралық қатысушыларының жиналысына қатысады, сондай-ақ Ташкентке және Алматы облысына жұмыс сапарлары жоспарланған.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов бірқатар кеңестер өткізеді, олардың арасында жұмыс топтарының кооперация бағдарламасын түсіндіру бойынша өңірлерге сапарларының қорытындысы, ауыл шаруашылығындағы сақтандыруды жетілдіру және агрохолдингтердің түйіткілді мәселелерін шешу бойынша кеңестер жоспарланған.

Сондай-ақ, А. Мырзахметов ГФР Төтенше және Өкілетті елшісі Р. Мафаэльмен кездесу өткізеді.

www.primeminister.kz

Жарияланды: 20 ақпан 2017

Мұрағат

Ақпан
2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту