Ертең, сағат 15:00-де, Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен селекторлық режимде Қазақстан Үкіметінің кезекті отырысы өтеді.

Күн тәртібінде – 2017-2019 жылдарға арналған республикалық бюджетті нақтылау бойынша Заңды іске асыру мәселелері, орталық және жергілікті атқарушы органдардың су тасқыны кезеңіне дайындығы, сондай-ақ «Денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің селекторлық отырысының онлайн-таратылымын primeminister.kz сайтынан және facebook-тен көріңіздер.

Отырыс қорытындысы бойынша ішкі істер және қорғаныс министрліктері өкілдерінің қатысуымен баспасөз конференциясы өтеді.

www.primeminister.kz

Жарияланды: 20 ақпан 2017

Мұрағат

Ақпан
2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту