kasymbek

Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында су тасқыны кезеңінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін тәулік бойғы диспетчерлік қызмет ұйымдастырылып, күн сайын жолдарда кезекшілік жүргізіледі. Бұл туралы ҚР Үкіметі отырысы барысында инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек айтты. 

Ж.Қасымбек бүгінгі таңда биылғы жылдың су тасқыны кезеңіне арналған Шаралар жоспары бекітіліп, Су тасқынына қарсы комиссиялардың жұмысы ұйымдастырылғанын баяндады.

Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында 1 284 автожол көпірі мен 14 686 су жүретін құбыр бар. Қазіргі кезде тәулік бойғы диспетчерлік қызмет ұйымдастырылып, автомобиль жолдарында күн сайын кезекшілік жүргізіледі, сонымен қатар 496 қауіпті учаске, 967 құбыр мен 157 көпір бақылауға алынған.

Бекітілген жоспарға сәйкес су тасқыны кезеңінде жұмыстарды уақытылы ұйымдастыру үшін қазіргі кезде қажетті құрылыс материалдары мен конструкциялары әзірленген.

Қазіргі кезде су жүргізу құбырын ашу бойынша жұмыстар жүргізілуде, бүгінде 4 257 құбыр немесе жоспардағыдан 39% ашылды.

Пойыздардың үздіксіз әрі қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету, жолдарды, жасанды құрылымдарды сеңдерді өткізуге уақытылы әзірлеу мақсатында 383 вагоннан тұратын судың бұзып кетуін бөгейтін 42 пойыз құралды. Бүгінде 110 вагон құрастырылған.  

«ҚТЖ» ҰК» АҚ барлық филиалдарында, бірінші кезекте тым шалғайдағы учаскелерде отын және майлау материалдарының қажетті қоры бар.

Көпірлердің астында мұздардың кептелісін жою үшін мұздарды уату бойынша бұрғылау-жару жұмыстарын жүргізу мен қар көшкіндерін құлату бойынша келісімдер жасалған.

Қауіпті жерлердің тізімі жасалған. «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалдарының директорларының нақты әрекеттері айқындалған, аумақтық ұйымдармен бірлесіп су қоймаларына комиссия тексеру жүргізуде.

Министр Азаматтық қорғаныс пен көлік,  жол және көпірлердің республикалық қызметінің қолда бар күші мен қаражаты көктемгі кезеңдегі төтенше жағдайлардың салдарын жоюға және республикалық маңызы бар теміржолдар мен автомобиль жолдарында қозғалысты қамтамасыз етуге жеткілікті екенін атап өтті.

www.primeminister.kz

Жарияланды: 21 ақпан 2017

Мұрағат

Ақпан
2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту