Бүгін ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов 6 Кодекс пен 16 заңға түзетулер енгізуді қарастыратын «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заң жобасын ұсынды.

Е. Біртановтың айтуынша, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша заң жобасында бөлінген сома мен жарналарды есептеу нысандары мен мөлшерлемесін өзгертуге қатысты түзетулер енгізу ұсынылған.

Сонымен қатар, жарналар төлемін мемлекет жүзеге асыратын жаңа тұлғалар санаттарын, жаңа төлеушілер санаттарын енгізу ұсынылады, сонымен қатар МӘМС және КТМКК жүйесінде Әлеуметтік медициналық сақтандыру және дәрі-дәрмекпен қамту қорының жұмысын ұйымдастыру мәселелері реттеледі.

Қорға төленуі тиіс МӘМС-ға мемлекеттің жарналары келесі мөлшерде белгілеу ұсынылады:

    2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап – мемлекет жарналарын есептеу нысандарынан 3,75 %;

    2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап – мемлекет жарналарын есептеу нысандарынан 4 %;

    2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап – мемлекет жарналарын есептеу нысандарынан 4 пайыздан кем емес, бірақ 5 пайыздан артық емес.

Бұл тұста мемлекет жарналарының көлемі жыл сайын сәйкес қаржылық жылға республикалық бюджет туралы заңмен белгіленетін болады.

Жұмыс берушілердің МӘМС бөлетін сомаларын келесі мөлшерде белгілеу ұсынылады:

     2017 жылдың 1 шілдесінен бастап – бөлген соманы есептеу нысанынан 1%;

     2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап – бөлген соманы есептеу нысанынан 1,5%;

     2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап – бөлген соманы есептеу нысанынан 2%;

     2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап – бөлген соманы есептеу нысанынан 3%.

Сонымен қатар, Денсаулық сақтау министрлігі 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың; Қазақстан Республикасынан тысқары шыққан азаматтардың, сонымен қатар басқа да төлеушілердің (еңбекке қабілетті жастағы, белсенді емес тұлғалардың) жарналарын ең төменгі айлықтың  5% көлемінде белгілеуді ұсынады.

МӘМС жүйесін енгізуге байланысты заң жобасында әскери қызметкерлерге, арнайы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, сонымен қатар аталған тұлғалар санатындағы зейнетақы төлемдерін алушыларға және олардың отбасы мүшелеріне, мемлекеттік қызметкерлердің жекелеген санаттарына медициналық көмекті ұсыну мәселелері реттелген.

Заң жобасында Қорды МӘМС жүйесінде, сонымен қатар КТМКК аясында бірыңғай төлеуші ретінде айқындау ұсынылады. Осыған байланысты «Халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекстен КТМКК көрсету бойынша қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру және КТМКК көрсету бойынша фармацевтикалық қызметтер функцияларын облыстардың, республикалық мәні бар қалалар мен елорданың мемлекеттік денсаулық сақтауды басқару бойынша жергілікті органдарының құзыретінен алып тастау ұсынылған. 

Сонымен қатар, қордың қаржылық тұрақтылығын және оның активтерінің сақталуын күшейту мақсатындағы түзетулер де қарастырылған.

«Жалпы, заң жобасында денсаулық сақтау жүйесінің, оның ішінде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің тоқтаусыз жұмысын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін негізгі жайттар қамтылған. Заң жобасының жүзеге асырылуының арқасында республикалық бюджет шығындары қысқарады», - деп түйіндеді Е. Біртанов.

Еске салайық, 2017 жылдан бастап Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру енгізіледі. «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 80-қадамын жүзеге асыру бойынша өткен жылдың 16 қарашасында «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Заң қабылданды, онда медициналық сақтандыру жүйесін қалыптастыру нормалары қарастырылған.

www.primeminister.kz

Жарияланды: 21 ақпан 2017

Мұрағат

Ақпан
2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту