Үкімет отырысы барысында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев су тасқыны маусымына әзірлік үшін қабылданып жатқан шаралар туралы баяндамаларды тыңдап, азаматтар мен инфрақұрылым нысандарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша бірқатар тапсырмалар берді.

Отырыс барысында министрлер мен Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Алматы, Қарағанды, Ақмола және Оңтүстік Қазақстан облыстарының әкімдері сөз сөйлеп, алдағы су тасқыны маусымына орай қабылданып жатқан әзірлік шаралары туралы ақпараттандырды.

Баяндамаларды тыңдаған соң ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев су тасқыны кезеңін өткізу бірнеше мәселелерге байланысты екенін атап өтті, нақты айтқанда, ол қаржыландыруға, су қоймаларының бос көлеміне, апатты гидротехникалық құрылыстардың жөнделуіне және иесіз су қоймаларының күйіне байланысты.

Сонымен қатар Б. Сағынтаев болашақта қайғылы жағдайлар орын алмас үшін су тасқыны кезеңіне әзірлік тәсілдерін қайта қарастыру қажеттігін баса айтты.

Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Асқар Мамин өңірлерде тасқынға қарсы шаралар жоспары әзірленіп, барлық қажетті ресурстарды жұмылдыру жұмыстары жүргізілуде екенін айтты. Сонымен қатар, А. Мамин гидротехникалық құрылыстардың техникалық жағдайына назар аудару керектігін айтты.

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев өзінің бірінші орынбасары А. Маминге су тасқыны кезеңіне әзірлік барысын бақылауға алуды тапсырды.

www.primeminister.kz

Жарияланды: 21 ақпан 2017

Мұрағат

Ақпан
2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту