yu5

Әр облыс әкімдігінің жанынан құрылған қорларда су тасқыны бола қалған жағдайда жұмсайтын 20 млрд теңге сақтаулы тұр. Бұл туралы Үкімет отырысының қорытындысы бойынша өткен баспасөз конференциясында ішкі істер вице-министрі Юрий Ильин мәлімдеді.

Ведомство су тасқынының алдын алу бойынша кең көлемді жұмыс жүргізіп жатыр.

ҚР ІІМ күн жылығанда қауіп төндіруі мүмкін гидротехникалық 60 кешенді қатаң бақылауға алған.

«Қазір олар жұмыс істеп тұр және жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ Ауыл шаруашылық министрлігі бөлімшелерінің бақылауында»-деді Ю.Ильин.

Вице-министр Қазақстанда апатты жағдайда тұрған және қараусыз қалған гидротехникалық 27 кешен бар екенін айтты.  Олар ІІМ мен Су ресурстары комитетінің бақылауында.  

Сонымен қатар вице-министр көрші мемлекеттермен су тасқыны бола қалған жағдайда суды шекара аумағынан өткізу бойынша ауқымды жұмыстар атқарылып жатқанын атап өтті. Мұндай жағдайлар алдыңғы жылдары орын алған. 2016 жылы Қытайдан Шығыс-Қазақстан облысына Қара Ертіс арқылы су ағызылған.

«Бүгін біз Ауыл шаруашылық министрлігімен Қазақстан аумағында ғана жұмыс жүргізіп жатқан жоқпыз. Қырғызстан, Өзбекстан, Қытай мен Ресейдегі әріптестерімізбен де байланыста отырмыз»-деді Ю.Ильин.

Бұл тұрғыдан алғанда қауіпті Ресей жақтан күту қажет. Ресейлік мамандардың мәліметіне сүйенсек Урал аумағындағы қардың көптігі Шығыс Қазақстан облысының аумағына келер су көлемін ұлғайтуы мүмкін.

Қалған аймақтарда су толу мөлшері 70 - 87% аралығында.

Сондай-ақ Ю.Ильин Астанаға қатысты мәселенің де көтерілгенін айтты. Мұнда Майбалық өзені арнасынан асса әуежай аумағына қауіп төндіруі мүмкін. Өзен тасымас үшін ведомство №2 ағызу каналын ашу туралы шешім қабылдаған. Министрлік 2017 жылдың наурызында Майбалық өзенінен артық суды Нұра-Есіл каналына ағызатын каналды қалпына келтіруді жоспарлап отыр.

www.primeminister.kz

Жарияланды: 21 ақпан 2017

Мұрағат

Ақпан
2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту