Бірінші наурыздан бастап Қазақстанда Discovery Showcase HD телеарнасы мемлекеттік тілде хабар тарата бастайды. Бұл туралы ҚР Үкіметіндегі баспасөз конференциясында ҚР ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев мәлімдеді.

Біз өткен жылы жемісті жұмыс жасадық. Мен Discovery телетоптамасының басшыларымен кездестім. 1 наурыздан бастап Discovery Showcase HD телеарнасы прайм-тайм уақытында, яғни 18.00-ден бастап түн ортасына дейін мемлекеттік тілде хабар таратады деп келістік», – деді министр.

Телеарна Discovery брендтері портфолиосының ең жарқын және танымал шоуларын біріктіреді - Discovery Channel, Animal Planet, TLC, Discovery Science және ID Xtra. Бұл ретте танымдық-ойын-сауықтық контент  HD сапада қолжетімді болмақ. Сонымен қатар, бұл арнада көрермендерге эксклюзивті материалдар ұсынылады.

Бірінші болып қазақ тіліне «Морган Фрименмен жаһан құпияларын тану», «Таңғаларлық мұхит», «Аляска: ормандағы отбасы», «Кит аулауға қарсы соғыс» сынды бағдарламалары және Discovery Networks-тың басқа да белгілі жобалары аударылады.

Министр 2017 жылдың соңына дейін бұл телеарнаның мемлекеттік тілге толық көшуі жоспарланғанын айтып өтті. Сонымен бірге, көрермен өзінің қабылдағышының параметрлерінен арнаны орыс тілінде көруді таңдай алады.

Еске салсақ, алдында Солтүстік-Шығыс Еуропадағы Discovery Networks компаниясының вице-президенті, басқарушы директоры Анна Пак Қазақстан Discovery Networks үшін адал және өте маңызды аудитория және үлкен әлеуеті бар аймақ екенін айтып өткен болатын. Discovery Showcase HD Қазақстан Республикасы аудиториясына сүйікті бағдарламаларды мемлекеттік тілде көру мүмкіндігін ұсынған шетелдік арналардың алғашқысы болмақ.

www.primeminister.kz

Жарияланды: 24 ақпан 2017

Мұрағат

Ақпан
2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту